МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТУ РЫНОГІ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙЫ, МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Өзектілігі: Қазақстандағы медициналық қызметтер нарығының негізгі мәселелері денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік шығындардың төмендігі, соның салдарынан медициналық қызметтерге арналған тарифтердің төмендігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады, бұл медициналық көмекті мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау секторлары арасында қайта бөлу сипатына әсер етеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты медициналық көрсетілетін қызметтер нарығы құрылымдық өзгерістерге ұшырауда, бұл ағымдағы жай-күйді барабар бағалауды талап етеді
Зерттеудің мақсаты реттеу тәсілдерін айқындау, нарық теңгерімін құру және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін міндетті медициналық сақтандыру жағдайындағы денсаулық сақтау секторы қызметінің үрдістері мен мәселелерін зерделеу болып табылады.
Материалдар мен тәсілдер: Зерттеу нысаны медициналық қызметтерді жеткізушілер - жеке және мемлекеттік денсаулық сақтау секторы болды. Зерттеу Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында медициналық қызмет көрсететін жеке медициналық ұйымдардың көрсеткіштерін зерделеу кезеңінде зерттелетін объектілер тобы үшін обсервациялық, кросс-секциялық, тұтас болып табылады; 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңдегі денсаулық сақтау жүйесінің статистикалық көрсеткіштері, сондай-ақ құқықтық және салалық ақпараттың ресми көздері зерделенді.
Нәтижелер: Денсаулық сақтауға арналған ағымдағы шығындар серпінін талдау мемлекеттік шығындардың 2,8 есе, сондай – ақ жеке меншік шығындардың 4,1 есе өсуін көрсетеді. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде жеке секторда көрсетілетін қызметтерді тұтынудың орташа есеппен 23,6%-ға өсуі, сондай-ақ жеке сектордың алғашқы медициналық-санитариялық көмекке интеграциялануының жоғары қарқыны байқалады. Бұл денсаулық сақтаудың жеке секторын Қазақстан Республикасындағы медициналық қызметтер нарығының толық құқықты қатысушысы деп санауға болады, бұл денсаулық сақтау жүйесіне жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
Қорытынды: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында мемлекеттік тапсырысты орындауға және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету саясаты сақталған жағдайда жеке сектордың одан әрі өсу қабілеті жоғары болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және МӘМС шеңберінде барлық медициналық қызмет көрсетушілердің сапасын бағалауға біріздендірілген тәсілді қамтамасыз ету бәсекелестік үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 241
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Ескалиев А.Р., Глушкова Н.Е., Кауышева А.А., Наурызбаева А.А., Кырыкбаева С.С. Міндетті медициналық сақтандыру жағдайында медициналық көрсету рыногі: медициналық ұйымдардың заманауи жағдайы, мүмкіндіктері мен тәуекелдері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 180-189. doi 10.34689/SH.2021.23.4.020Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ