Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАТЕРЛІЛІК ИНДЕКСІНІҢ ҚАУІП КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖӘНЕ АНАЛЫҚ БЕЗ ІСІКТЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНАНТТАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Кіріспе. Аналық бездердің қатерсіз ісіктерінің қолайлы ақырына қарамастан, олардың қатерлі ісіктерге ауысу қаупі әлі де бар. Бұл жағдайда болжам ерте сатысында анықталуы қатерсіз ісіктің морфологиялық түрлеріне тәуелді. қатерлі ісіктердің отаға дейінгі зерттеу көрсеткіштері және оңтайлы емдеу тактикасын таңдау қолайлы болжам мен өмір сүрудің бастапқы нүктесі болып табылады. Мақсаты: аналық без ісіктерінің морфологиялық ерекшеліктерін қатерлі ісіктердің қауіп индексімен тығыз байланыста көрсету. Материалдар мен әдістері. Проспективті зерттеу Ақтөбе (Қазақстан) ауруханасының және Ахмади ауруханасының (Кувейт) гинекология бөлімшесінде жүргізілді. Зерттеуге қатысу үшін пациенттерден ақпараттандырылған келісім алынды. Аналық без ісігі бар 264 әйелдер үш жас тобына (репродуктивті, пременопауза және постменопауза) бөлінді. Қатерлі ісік қауіпі индексін (RMI) есептеу және аналық без кистасының үлгілеріне морфологиялық зерттеу гистопатологиялық (HP) растауымен жүргізілді. Статистикалық сандық айнымалылар орташа ± стандартты ауытқу, категориялық сандар және пайыз (%) ретінде ұсынылады. Сандық және сапалық деректерді талдау үшін тиісінше Стьюденттің t және хи-квадрат (x2) тесттері қолданылды. Сезімталдық, ерекшелік, PPV және NPV бар RMI мәнін анықтау және RMI мен айнымалылар арасындағы корреляция коэффициентін талдау үшін қабылдағыштың жұмыс сипаттамасы (ROC) қисығы пайдаланылды. Нәтижелері. Аналық бездердің 26,5% қатерлі және 73,48% қатерсіз зақымданулар анықталды. Жаңадан анықталған аналық безінің ісіктері бар әйелдердің орташа жасы сәйкесінше 52,3 ± 9,1 және 41,5 ± 11,7 жасты құрады (P = 0,9). Қатерлі ісіктердің жиілігі репродуктивті жас тобымен салыстырғанда пременопауза және постменопауза жасындағы топтарда айтарлықтай жоғары болды (тиісінше P = 0,0008 және 0,0008). НР қатерлі ісігі 12 жалған теріс нәтижені қоспағанда, жоғары RMI> 200 нәтижелерін көрсетті. Үш зерттеу тобында шекті мән > 247,5 кезінде ROC қисығы жоғары сезімталдық пен ерекшелікке ие (тиісінше 82,9% және 100%), PPV 100% және NPV 98,1% болды. ROC-қисық астындағы ауданы (AUC) - 0,955. Тұжырымдар: Зерттелетін популяцияда аналық бездің қатерлі ісігі бар 96,7% әйелдердің 200 шекті мәні бар RMI2 әдісімен дұрыс анықталды. RMI және операциядан кейінгі НР деректері бойынша қатерлі ісік қаупінің сәйкестігі статистикалық маңызды. Қисықтар астындағы аудан (AUC) ROC RMI үшін 0,955 (P = <0,001).
Көрген адамдардың саны: 265

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Адилгереева А.С., Abdelazim I.A., Журабекова Г.А. Қатерлілік индексінің қауіп көрсеткіштерінің және аналық без ісіктерінің морфологиялық детерминанттарының өзара байланысы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 31-39. doi 10.34689/SH.2021.23.5.004

Авторизируйтесь для отправки комментариев