Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЕРТЕ ЖӘНЕ КЕШ ПРЕЭКЛАМПСИЯ: АНАЛЫҚ, ПЕРИНАТАЛДЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПЛАЦЕНТАНЫҢ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Кіріспе: Преэклампсия (ПЭ) - дүние жүзінде ана мен перинаталды аурушаңдық пен өлімнің маңызды себептерінің бірі болып табылады, оның таралуы 4 - 6% құрайды. Бүгінгі таңда ПЭ-ның нақты патогенезі анықталмаған, оның пайда болуы трофобласт инвазиясының бұзылуымен, спиральды артериялардың толық емес трансформациясымен, иммундық жүйенің бұзылуымен және эндотелий дисфункциясы маркерлерінің деңгейінің жоғарылауымен байланысты. Соңғы уақытта көптеген зерттеушілер ПЭ диагностикалық критерийлері бірдей болғанына қарамастан, ерте (34 аптаға дейін) басталатын преэклампсияның патогенезі кеш (34 аптадан кейін) басталған ПЭ-дан ерекшеленеді деп санайды. Ерте преэклампсияның ана мен перинаталды аурушаңдығы мен өлім-жітім көрсеткіштері кеш преэклампсияға қарағанда әлдеқайда жоғары. Ерте преэклампсия кезінде плацентадағы морфогистологиялық өзгерістер кеш преэклампсияға қарағанда жиі байқалады. Зерттеудің мақсаты: ерте және кеш преэклампсия кезіңдегі аналық, перинаталды нәтижелер мен плацентаның патоморфологиялық өзгерістерді салыстыру. Материалдар мен әдістері: Зерттеу дизайны: көлденең ретроспективті зерттеу. Біз "Семей қаласының перинаталдық орталығы" ШЖҚ КМК 308 жүкті әйелдің преэклампсиямен босану тарихына ретроспективті талдау және 2017 жылғы қаңтардан 2019 жылғы қарашаға дейін "Семей қаласының патологоанатомиялық бюросы" ШЖҚ КМК есептік құжаттамаларын жүргіздік. Статистикалық талдау "SPSS" бағдарламасының көмегімен жүргізілді (IBM SPSS Statistics 20 нұсқасы). Қалыпты таралумен сандық сипаттамаларды салыстыру кезінде байланыссыз үлгілер үшін t – Стьюдент тестін қолдандық, егер таралу қалыптыдан өзгеше болса, U – Манн-Уитни сынамасын қолдандық. Екі топ арасындағы салыстырмалы өнімділікті салыстыру кезінде күтілетін оқиғаның мәніне байланысты біз Йейтстің үздіксіздік үшін түзетуі және Пирсон хи-квадраты (χ2) бар Пирсон хи-квадрат сынамасын (χ2) қолдандық. Статистикалық гипотезаларды тексеру кезінде маңыздылықтың критикалық деңгейі p 0,05-ке тең қабылданды. Нәтижелер: Зерттеу барысында преэклампсиямен босанудың тарихы талданды. Оның ішінде – ерте ПЭ (34 аптаға дейін) – 128 (41,5%), кеш ПЭ-180 (58,5%). Ауыр дәрежедегі ерте преэклампсия кезінде жедел босандыру - 69 жағдайды (53,9%), кеш ПЭ - 34 (18,8%) құрады. Ерте ПЭ кезінде ұрықтың антенатальды өлімі - 2,3%, кеш ПЭ – 0,5% құрады. Ерте ПЭ кезінде перинаталды өлім – жітім – 4,7%, кеш ПЭ - 1,7% құрады. Ерте ПЭ кезінде қалыпты орналасқан плацентаның (ҚОПУБА) мерзімінен бұрын ажырауы – 1,6%, кеш ПЭ – 0,5% құрады. Ерте ПЭ кезінде осы плаценталардың морфологиялық сипаттамаларын бағалау кезінде гестациялық жаспен салыстырғанда айқын морфологиялық өзгерістер байқалды, плацента өлшемдерінің азаюы түрінде, плацентадағы созылмалы ошақты бұзылыстар (кальцинаттар мен петрификаттар), плацентаның жұқаруы, плацента салмағының төмендеуі анықталды. Қорытынды: біздің зерттеуіміз ерте және кеш преэклампсияның клиникалық және зертханалық мәліметтерінің ұқсастығына қарамастан, ана және перинаталды нәтижелер мен патогистологиялық өзгерістердің статистикалық маңызды айырмашылықтары бар екенін көрсетті. Осы бағытта қосымша зерттеулерді жүргізу қажет, өйткені преэклампсияны кіші түрлерге бөлу, олардың негізіндегі патофизиологияны түсінуге, және де тиімді алдын-алу мен емдеуді одан әрі дамытуға көмектеседі.
Көрген адамдардың саны: 330

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Нургалиева А.Н., Нургалиева Г.Т., Кадыргазина М.К., Бакытжанкызы Н., Жексенаева А.М., Курабай А.А., Манабаева Г.К. Ерте және кеш преклапсия: аналық, перинаталдық нәтижелері және плацентаның патоморфологиялық өзгерістері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 40-48. doi 10.34689/SH.2021.23.5.005

Авторизируйтесь для отправки комментариев