ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕРТЕ НЕОНАТАЛДЫҚ ӨЛІМ-ЖІТІМДІ ТӨМЕНДЕТУ РЕЗЕРВТЕРІ
Өзектілігі: тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің барлық деңгейінің интегралды көрсеткіштерінің бірі жаңа туған нәрестеге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен неонатальды шығынның себептерін анықтау, және олардың төмендету резервтерін анықтауға ықпал етеді.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасында ерте неонаталды өлім себептерін анықтау және неонаталды көмек сапасын жақсарту резервтарын анықтау.
Әдістері: ҚР медициналық ақпарат статистикалық көрсеткіштерін қолдана отырып нәрестелердің туғандағы салмақ өлшеміне қарай, Қазақстан Республикасында ерте неонаталды кезеңде нәрестелер өлімінің себептеріне сараптау жүргізілді. Сонымен қатар, мақалада біз ЮНФПА-мен бірлесіп жүргізген Қазақстан Республикасындағы перинаталдық көмекті аймақтандыру бойынша зерттеулердің және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жаңа туған нәрестелер өліміне жүргізген конфиденциалды аудит нәтижелері қолданылды.
Нәтижелер: Ерте неонатальды жоғалту себептерін талдау негізінде, жетекші орынға туғандағы дене салмағы ≤1500 г болатын мерзімінен бұрын және жетілмей туған балаларда (59%) дамитын аурулар ие болып табылады. Қазақстан Республикасындағы перинаталдық көмекті аймақтандырудың тиімділігін бағалау және ҚР перинаталды орталықтарында өлген нәрестелердің медициналық құжаттарына конфиденциалды аудит өткізу нәтижелері, перинаталдық көмекті аймақтандыру және перинаталдық көмектің барлық деңгейлері үшін гестациялық жасына қарай мерзімінен бұрын туған және салмағы аз туылған нәрестелерге мамандандырылған көмек көрсету әдістерін жетілдіру арқылы нәрестелер шығындарын төмендету үшін нақты резервтердің бар екендігін анықтады.
Қорытынды: мемлекетімізде жетіліп туған нәрестелер күтімін, мерзімінен бұрын туған және салмағы аз туылған нәрестелерге мамандандырылған көмек көрсету әдістерін жетілдіру арқылы нәрестелер өлімін азайтуға нақты резервтер бар. РДС-пен туған шала туылған нәрестелердің жағдайын тұрақтандыру бойынша 2019 жылғы Еуропалық келісілген ұсыныстарды орындау арқылы, олардың өлімін кем дегенде 30%-ға төмендетуге және негізгі аурудың ағымын қиындататын көптеген маңызды жағдайлардың алдын алуға болады.
Көрген адамдардың саны: 587
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Чувакова Т.К., Карин Б.Т., Джаксалыкова К.К., Жумамбаева С.М. Қазақстан Республикасында ерте неонаталдық өлім-жітімді төмендету резервтері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 49-57. doi 10.34689/SH.2021.23.5.006Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ