Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
НЕСЕП-ТАС АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫМЕН СУДЫҢ САПАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
Өзектілігі: Бүйректердегі тастардың көбісі минералдардан тұратын болғандықтан ауыз су сапасы ағзаның жалпы зат алмасуына, сонымен қатар урологиялық аурулардың пайда болуына әсер етеді. Мақсаты: Несеп-тас ауруының эпидемиологиясына ауыз судың сапасының байлынысын Түркістан облысы бойынша зерттеу. Зерттеу әдістері: Түркістан облысындағы екі елді-мекендердің (Сарыағаш ауданы және Түркістан қаласы) су сапасын тексеру үшін физико-химиялық және микробиологиялық зерттеулер жүргізілді. Тексеру объектілері қатарына орта және жоғарғы оқу мекемелері, тұрғын үйлер, муниципалды және медициналық мекемелері, сонымен қатар сумен жабдықтау көздері кіргізілді. № 2020/00/00 орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың ауыз су сынамаларын зерттеу хаттамалары пайдаланылды. Статистикалық талдау R Studio (Integrated Development Environment, Бостон, АҚШ) бағдарламалық жасақтамасының көмегімен жүргізілді. Нәтижелер: Негізгі салыстырмалы айырмашылықтар pН, тотығу және судың жалпы қаттылығында, қалдық, бос және байланысқан хлор, аммиак азоты, нитрит және нитрат, хлорид және мыс сияқты минералдардың құрамында байқалды. Барлық осы параметрлер бойынша көрсеткіштердің құрамы Түркістан қаласының ауыз суында жоғары, бұл облыс орталығында несеп-тас ауруының өсуінің ықтимал қаупін көрсетуі мүмкін. Түркістан қаласы мен Сарыағаш ауданының микробиологиялық деректері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді. Қорытынды: Зерттеу нәтижелері судың физико-химиялық көрсеткіштері айырмашылықтарының Түркістан облысының аймақтарында несеп-тас ауруының таралуына жиынтық әсерін растайды.
Көрген адамдардың саны: 248

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Фатхи Р.А., Сейдинов Ш.М. Несеп-тас ауруының таралуымен судың сапасының байланысы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 101-108. doi 10.34689/SH.2021.23.5.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев