СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДА АНТРАЦИКЛИНДЕР ЖӘНЕ МОНОКЛОНАЛДЫ АНТИДЕНЕЛЕРМЕН ХИМИОТЕРАПИЯ КЕЗІНДЕГІ КАРДИОУЫТТЫЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫНДА ТРОПОНИННІҢ БОЛЖАМДЫ ПОТЕНЦИАЛЫ
Кіріспе. Сүт безінің қатерлі ісігі жүрек пен қан тамырларына агрессивті әсерімен танымал химиотерапияның белгілі бір схемаларына сезімтал. Олар антрациклиндер – бірінші типтегі қайтымсыз кардиоуыттылық және трастузумаб – екінші типтегі қайтымды кардиоуыттылық болып бөлінеді. Симптомдар пайда болғанға дейін миокардтың зақымдануын анықтай алатын сарысу биомаркерлерін қолдану химиотерапияның кардиотоксикалық асқынуларын ерте диагностикалаудың балама әдісі болып табылады.
Мақсаты: сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда антрациклиннің және/немесе трастузумабтың кардиоуыттылық асқынуларын ерте анықтау үшін тропониннің болжамды маңыздылығын талдау болып табылады.
Іздеу стратегиясы. Іздеу Pubmed, Web of Science, Scopus, , eLIBRARY дерекқорларында жүргізілді. Шолуға қосу критерийлері: 2010 - 2020 жж. даталанған рандомизирленген бақылау зерттеулер және проспективті зерттеулер. Мынадай бөлімдер бойынша түйінді сөздер қолданылды: патология: "breast cancer", "breast"; емі: "antracycline" "trastuzumab", "chemotherapy"; биомаркерлер: "troponin", "troponin I", "troponin T", "high sensitive troponin"; химиотерапияның асқынулары: "cardiotoxicity", зерттеулер: "controlled trial", «randomized controlled trial», «controlled clinical trial», «clinical trial». Зерттеулерді іріктеу триангуляция әдісімен жүргізілді. Шолуға іріктеу критерийлері бойынша барлығы 27 толық мәтінді зерттеу енді. Сілтемелерге іздеу критерийлеріне сәйкес келмейтін, бірақ тақырыптың өзектілігін көрсететін зерттеулер да кірді.
Нәтижелер. Жалпы қорытынды - тропонин деңгейінің жоғарылауы, әсіресе тропонин деңгейінің тұрақты өсуі, қолайсыз болжаммен жүретін жүрек дисфункциясының дамуының белгісі болуы мүмкін. Тропонин деңгейінің өсуі және базалық деңгейдің өсу интегралы тропониннің абсолютті мәнінен гөрі сенімді предиктор болып табылады.
Қорытындар. Антрациклиндермен және одан кеінгі таргетті химиотерапия алған сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда кардиоуыттылық асқынулардың даму қаупі жоғары. Кардиоуыттылықты болжау ерте анықтау үшін тропонин денғеін бақылау қажет. Тропонин қосылған биомаркерлер комбинациясы кардиоуыттылықты болжау ерте анықтау үшін пайдалы болуы мункін.
Көрген адамдардың саны: 295
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Тлегенова Ж.Ш., Жолдин Б.К., Гендлин Г.Е., Балмагамбетова С.К., Курманалина Г.Л., Талипова И.Ж. Сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда антрациклиндер және моноклоналды антиденелермен химиотерапия кезіндегі кардиоуыттылық диагностикасында тропониннің болжамды потенциалы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 132-148. doi 10.34689/SH.2021.23.5.016Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW