Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СЕМІЗДІК, ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖӘНЕ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ - ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Өзектілігі: жұқпалы емес аурулар (ЖЕА) әлемде өлім себептері бойынша жетекші орын алады. Ең көп таралған жұқпалы емес ауруларға кардиоваскулярлық аурулар (КВА), онкологиялық аурулар, өкпенің созылмалы аурулары және қант диабеті жатады. ДДҰ мәліметтері бойынша [4] жыл сайын 30-69 жас аралығында 15 миллионнан астам адам қайтыс болады. Қазіргі уақытта қант диабеті, семіздік және артериялық гипертензия эпидемия деңгейіне сәйкес келеді және таралуы тез дамып келе жатқан қазіргі қоғамның жаһандық медициналық-әлеуметтік проблемасы болып табылады. ДДҰ мәліметтері бойынша, 2025 жылға қарай әлемдегі әрбір бесінші ересек адам семіздікке ұшырайды. Эпидемиология және көптеген созылмалы аурулардың, оның ішінде семіздік, қант диабеті және артериялық гипертензияның даму жиілігі көптеген факторларға, оның ішінде географиялық және әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты [1,4]. ДДҰ деректері бойынша артериялық гипертензия адамның ең көп таралған созылмалы спецификалық емес ауруларының бірі болып табылады, олардың үлесіне жалпы барлық өлім-жітімнің 30% келеді [54]. Бұл патологияның әлеуметтік маңызы ерте мүгедектік пен ерте өлім қаупі жоғары артық салмақпен байланысты аурулардың кең спектрімен анықталады. Зерттеудің мақсаты-семіздік, қант диабеті және артериялық гипертензия сияқты әлеуметтік маңызды аурулар туралы ғылыми ақпаратты жүйелі түрде іздеу. Іздеу стратегиясы: ғылыми жарияланымдарды іздеу PubMed, ResearchGate, GoogleScholar дерек қорларында жүргізілді. Барлығы 753 әдеби дереккөз табылды, олардың 96 талдау үшін таңдалды. Қосу критерийлері: ағылшын және орыс тілдерінде жарияланған толық мәтінді мақалалар, іздеу тереңдігі 1990 жылдан бастап. Шығару критерийлері: ақпараттың қайталануы немесе көшірмесі. 1990 жылға дейінгі ақпарат көздері БАҚ-тағы жарияланымдар. Нәтижелері: Cеміздік пен артериялық гипертензия-халық арасында жиі кездесетін созылмалы аурулардың бірі. Барлық елдерде, ересектер мен балалар арасында, барлық жас топтары арасында семіздіктің үдемелі өсуі байқалады. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде 1,5 миллиардтан астам адам АГ-мен ауырады, олардың 150 миллионнан астамы орталық және Шығыс Еуропада тұрады. Ауқымды популяциялық зерттеулерде науқастардың шамамен 45%-ы асқынулар пайда болғанға дейін қан қысымының жоғары екенін білмегені анықталды. Қант диабеті жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың ауыр және күрделі ағымының маңызды факторларының бірі болып табылады. Қорытынды. Бүгінгі танда Қазақстан Республикасында семіздік, қант диабеті және артериялық гипертензия проблемаларының жай-күйі бойынша нақты деректер жоқ, осыған байланысты осы проблеманы неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу денсаулық сақтаудың стратегиялық маңызды міндеті болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 462

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Нуртазина А.У., Кошпесова Г.К., Апсаликов Б.А., Коростова Е.В., Айнабекова Б.А., Риб Е.А., Нильдибаева Ф.У., Шерьязданова Д.Н., Парахина В.Ф., Кулимбет М.Б., Фахрадиев И.Р., Баспакова А.М., Жамалиева Л.М., Салиев Т. Семіздік, қант диабеті және артериялық гипертензия - қазіргі қоғамның жаһандық мәселелері. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 149-160. doi 10.34689/SH.2021.23.5.017

Авторизируйтесь для отправки комментариев