Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТИІМДІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ МЕН ӘСЕРІНІҢ РӨЛІ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Өзектілігі: Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, денсаулық сақтау технологиясын бағалау (ДСТБ) бұл дәлелді медицина мен фармакоэкономикаға негізделген технологияларды қолданудың барлық аспектілерін қарастыратын, шешім қабылдауды оңтайландыруға бағытталған медициналық технологиялар туралы ақпаратты жалпылаудың кешенді үрдісі. Этикалық мәселелер мен әлеуметтік салдарға, клиникалық және экономикалық тиімділікті сараптамалық бағалау әдістері мен салыстырмалы зерттеулерге ерекше рөл бөледі. ДСТБ ұйымдарының көпшілігі тек жүргізілген зерттеулердің бағалауымен және мәліметтер базасымен шектелген, бірақ көптеген дамыған елдерде ДСТБ халықаралық ұйымдары негізгі зерттеулермен қатар қосымша зерттеулер жүргізуді ұсынады, клиникалық және әдістемелік нұсқаулықтар әзірлейді, зерттеулер жүргізудің кедергілері мен мүмкіндіктерін анықтайды, бастапқы есептерді бағалау мен әсер ету әдістемесін дайындайды, технология саласындағы мамандардың біліктілігін арттырады, мүдделі тараптарды бағалау, ақпараттандыру және кеңес берумен айналысады, технологиялық сараптамалық есептер мен басқа да қызметтерді ғылыми негіздейді және дайындайды. Мақсаты: Тиімді шешім қабылдауда Денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың дамуы мен әсері тақырыбында жүргізілген зерттеулердің әдеби дереккөздеріне талдау жасау. Зерттеу әдісі: Ақпараттық іздеу: Medline/PubMed, Web of Science, Google Scholar базаларында, e-Library, Cyberleninka электрондық ғылыми кітапханаларында жүргізілді. Қосу критерийлері: іздеу тереңдігі 2010-2021 жылдар аралығында ашық түрде, ағылшын және орыс тілдеріндегі бірегей толық мәтінді ғылыми мақалалар, әдістемелік ұсынымдар, денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың халықаралық ұйымдарының әдістемелік құжаттары. Енгізілмеген материалдар критерийлері: дәлелді базасы жоқ мақалалар мен материалдар, баяндамалардың түйіндемелері, конференция материалдары мен негізгі маңыздылығын көрсетпейтін, анық емес тұжырымдары бар төмен әдістемелік жарияланымдар. Біз осы тақырып бойынша бағалаудың сыни талдауынан өткен және мақсатына сәйкес келетін 45 жарияланымды 107 шетелдік және отандық жарияланымдардан таңдап енгіздік. Нәтижелер мен қорытындылар: Шетелдік және отандық дереккөздерге әдеби талдау жүргізгенде, ДСТБ нәтижелеріне әсер ету үшін барлық мүдделі тараптарды хабардар ету қажет екендігі анықталды. Көптеген ДСТБ ұйымдары формальдылық үшін бағалау жүргізеді, бірақ ДСТБ-ның айқын әсері технологияны бағалаушы ұйымдардың денсаулық сақтау қызметкерлерімен тығыз жұмыс жасайтын елдерде анықталды. Денсаулық сақтау саясатындағы ДСТБ үрдісінің тиімді болуы үшін әр түрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу тәсілдерін қолданудан бөлек, сондай-ақ мемлекеттің денсаулық сақтау саласына бөлінген шығындарды ұтымды пайдалануын бағыттайды. Технологиялардың әсерін мониторингілеудің басты себебі, болашақтағы өнімділікті бағалау үшін ДСТБ ұсыныстарының іс жүзінде жүзеге асырылуын анықтау, стратегиялардың бағдарлануы мен таратылуын қолдау жасау үшін ұйыммен кері байланысты құру. Жаңа технологиялардың әсерін мониторингілеу арқылы денсаулық сақтау саясатына әсерін өзіндік талдауға және бағалауға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 270

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Асқарова А.М., Кошербаева Л.К., Табаров А.Б. Тиімді шешімдер қабылдаудағы жаңа медициналық технологиялардың дамуы мен әсерінің рөлі. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 174-184. doi 10.34689/SH.2021.23.5.019

Авторизируйтесь для отправки комментариев