МИДЫҢ ИНТРАКРАНИАЛДЫ АНЕВРИЗМАЛАРЫНЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ.
Кіріспе. Субарахноидты қан кетулер (САҚ) - интракраниалды аневризмалардың бұзылуынан пайда болатын жедел ми қан айналымының бұзылуының ерекше түрі, спорадикалық және отбасылық формаларды ажыратады.
Іздеу стратегиясы. Субарахноидты қан кетулердің негізгі мәселесі -аурудың кенеттен пайда болуымен асимптоматикалық ағымына байланысты ерте диагноздың күрделілігі. Уақтылы емделмеу мүгедектік пен өлім сияқты ауыр зардаптарға әкеледі. Бұл осы мәселенің медициналық және әлеуметтік маңыздылығына байланысты. Превентивті және дербестендірілген медицина тәсілдерінің дамуымен аурулардың этиологиясын анықтайтын генетикалық маркерлер бойынша ерте диагностика жүргізуге мүмкіндік туды.
Мақсаты. Қазақстан Республикасының аумағында аталған ауру мәселесінің маңыздылығы мен өзектілігін бағалау үшін орыс тілінде ұсынылған статистикалық деректері бар жергілікті мақалалар, жинақтар зерттелді.
Негізгі әдебиеттерді іздеу барысында келесі іздеу жүйесі қолданылды: Pubmed, кілт сөздер бойынша: интракраниалды аневризмалар және генетика. Уақыт кезеңі 2011-2021 жылдармен белгіленді. Осы тақырып бойынша 114 жарияланым анықталды. Зерттеуде жоғарыда аталған сұраққа арналған ағылшын тіліндегі толық мәтінді басылымдар ғана енгізілді, басқа тілдердегі жарияланымдар еңгізілмеді (103 жарияланым). Шолуға қосу критерийі отбасылық жағдайларды қамтитын және молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін қолданатын мақалалар болды. Осы критерийлерді қолдану кезінде жарияланымдар тізімі 31-ге дейін қысқарды, олардың талдауы осы әдеби шолуда ұсынылған.
Нәтижелері мен қорытындылары. Әдебиеттерді шолу нәтижелеріне сүйене отырып, көптеген жарияланымдар субарахноидальды қан кету патофизиологиясына қатысатын гендердің нақты саны әлі белгісіз екенін көрсетеді. Алайда, бірнеше гендер скрининг және қауіп топтарын анықтау үшін пайдалануға ұсынылды.
Көрген адамдардың саны: 265
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Айткулова А.М., Кулмамбетова Г.Н., Джамантаева Б.Д., Жолдыбаева Е.В. Мидың интракраниалды аневризмаларының отбасылық формаларының генетикалық қауіп факторлары. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 185-193. doi 10.34689/SH.2021.23.5.020Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW