АУТИЗМ ТУРАЛЫ ІЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР ДАЙДЖЕСТІ
Кіріспе: Аутизм - қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселенің өзектілігі жыл сайынғы бастапқы және жалпы аурушаңдық көрсеткіштерінің өсуімен, «аутизм» диагнозын ерте диагностикалауында туындайтын қиындықтармен және мүгедектіктің жоғары деңгейімен байланысты.
Зерттеу мақсаты: аутизмнің таралуы туралы әдебиеттерді қарастыру және аутизм спектрінің бұзылуын ерте диагностикалау мен емдеудегі деректердің талдауын жүргізу.
Іздеу стратегиясы: ғылыми жарияланымдар мен мамандандырылған іздеу жүйелерінің келесі дерекқорларын қолдана отырып, жалпыға қолжетімді, 20 жылдық тереңдігі бар мақалалар зерттелді: PubMed, Google Scholar, Cochrane Library, Web of Science, Scopus және eLIBRARY электронды кітапханасында. Ақпараттық іздеу аутизм, аутизм спектрінің бұзылуы, эпидемиология, скрининг, аутизмді түзету секілді негізгі сөздерді қолдану арқылы жүргізілді. Іріктеу критерийлері: A, B дәлелдемелерінің жариялану деңгейі: мета-анализдер, жүйелі шолулар, когорттық және көлденең зерттеулер. Шығару критерийлері: жарнамалар, қысқа хабарламалар түріндегі сарапшылардың пікірі.
Нәтижелер: шолу аутизмнің бұзылуын зерттеудің динамикасын, аурулардың қазіргі халықаралық жіктемелеріне сәйкес диагноз қоюдың клиникалық тәсілдерін ұсынады, соңғы онжылдықтарда аутизмнің таралуының мүмкін болатын себептерін қарастырады. Аутизмнің негізгі жіктелуі қарастырылады - Қазақстанда қабылданған 10 -шы қайта қараудың аурулардың халықаралық жіктелуі және американдық психиатриялық ассоциациясының аутизм спектрінің бұзылуына қатысты жаңа DSM -5 классификаторындағы маңызды өзгерістер. Балалардағы аутизм спектрінің бұзылуын диагностикалауға байланысты қиындықтар айтылады. Аутистикалық бұзылуларды ерте диагностикалаудың ең танымал әдістері мен оны түзетудің негізгі әдістері сипатталған.
Қорытынды: Аутистикалық бұзылулар мәселесіне, атап айтқанда, ерте диагностика, ерте араласу мәселелеріне көбірек назар аудару қажет. Аутизммен ауыратын адамды өмір бойы сүйемелдеудің бірыңғай алгоритмін құру.
Көрген адамдардың саны: 404
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Касенова Г.Т., Садуакасова К.З., Исаева Р.Б. Аутизм туралы ілімнің негізгі ережелер дайджесті // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 194-202. doi 10.34689/SH.2021.23.5.021Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW