ОРТОДОНТИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Кіріспе: әлемнің барлық дерлік елдерінде тіс-жақ аномалияларының таралуы мен қарқындылығы тұрақты түрде өсіп келеді. Тіс-жақ аномалиялары тісжегі мен пародонт ауруларынан кейін зақымдану жиілігі бойынша үшінші орында. Аталып өткен жағдай, ортодонтиялық жабдықтардың шектеулі қаржыландырылуы мен едәуір қымбат болуы жағдайында, әртүрлі елдердегі ерсектерге де, балалалрға да ортодонтиялық көмек көрсетуді оңтайландыру қажеттілігін туындатады. Тіс-жақ жүйесі ауытқуларының эпидемиологиясын зерттеу, халыққа ортодонтиялық көмек көрсетуді оңтайландырудың маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл мәселелер ортодонт дәрігерлерінің қажетті санын есептеуге, ортодонтиялық кабинеттер желісін ұйымдастыруға, емдеу, алдын алу іс-шараларын жоспарлауға әсерін тигізеді. Осы арада медициналық-әлеуметтік фактордың өсіп келе жатқан маңыздылығын, атап айтқанда, халыққа ортодонтиялық көмектің қол жетімділігін атап өткен жөн.
Мақсаты: балалар мен ересектердегі окклюзиялық стоматологиялық патологиялар болған кездегі ортодонтиялық көмектің өзектілік дәрежесін зерттеу, сонымен қатар ортодонтиялық күтімді уақтылы ұйымдастырудың маңыздылығы туралы мәселені атап өту.
Іздеу стратегиясы: әдебиеттерді іздеу Medline, PubMed, EMBASE, Web of Science, Google Scholar және e-library электронды базаларында жүргізілді (халыққа ортодонтиялық көмек; окклюзияны бағалауға арналған стоматологиялық индекстер; стоматологиялық жүйе ауытқуларының эпидемиологиясын зерттеу). Іздеу тереңдігі 35 жылды құрады (1986 жылдан 2021 жылға дейін). Біздің зерттеуіміздің мақсаттарына сәйкес келетін 59 жарияланым анықталды.
Нәтижелері мен талқылаулары: в обзоре проанализированы результаты ключевых клинических исследований относительно реализация ортодонтической помощи в Республике Казахстан и за рубежом. шолуда Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі ортодонтиялық көмекті іске асыруға қатысты маңызды клиникалық зерттеулердің нәтижелері талданған. Ортодонтиялық емдеу қажеттілігін бағалаудың ең тиімді құралдарына талдау жасалды. Клиникалық қолдану тұрғысынан ең ыңғайлы және қарапайым ICON индексі екендігі анықталды. Науқастардың өмір сүру сапасын ескере отырып, ортодонтиялық емдеу нәтижелеріне қойылатын критерийлер көрсетілген.
Қорытындылар: бүгінгі таңда окклюзиялық стоматологиялық патологиялар үшін ортодонтиялық күтімді тағайындау – балалар мен ересектер арасында жоғары өзектілікке ие. Эстетикалық әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіндіктен, тірек-қимыл жүйесіне жалпы терапиялық әсер етеді және асқынулардың дамуына жол бермейді. Тиімді ортодонтиялық емдеуді жоспарлау – денсаулық сақтау жүйесі тарапынан кешенді тәсілді және халықты алдын алу мақсаттарымен тұрақты хабардар етуді талап етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ортодонтиялық қызметті оңтайландыру қажет.
Көрген адамдардың саны: 359
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Досматова К.Р., Алтынбеков К.Д., Куракбаев К.К., Токаревич И.В., Ауезова А.М., Нурбакыт А.Н., Глушкова Н.Е. Ортодонтияның ұйымдастырушылық-эпидемиологиялық мәселелері. Әдебиеттерге шолу // Наука и Здравоохранение. 2021. 5(Т.23). С. 224-235. doi 10.34689/SH.2021.23.5.024Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW