МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖӘНЕ НАУҚАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ГЕНЕРИК ДӘРІЛІК ЗАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Өзектілігі: Қазіргі әлемде дәрі - дәрмектернің бағасы өте жоғары. Денсаулық сақтау шығындарын төмендетуге бағытталған шаралардың бірі - генериктерді қолдану. Түпнұсқалық/анықтамалық/патенттелген дәрілік препаратты қайта өндірілген дәрілік препаратпен ауыстыру көптеген елдерде тәжірибеге енеді және бюджетті тиімді жұмсауға мүмкіндік береді, сонымен қатар халықтың әр түрлі топтарының дәрі-дәрмектерге қол жетімділікті жақсартады. Алайда медициналық қызметкерлердің хабардар еместігі және генериктерді тағайындауға құлықсыздығы қайта өндірілген дәрілік препараттарды ұтымды пайдалануға кері әсер етуі мүмкін.
Мақсаты: медициналық қызметкерлер және науқастар арасындағы генерик дәрілік заттар туралы әдебиеттің талдау жасау.
Іздеу стратегиясы: PubMed, Cochrane Library, GoogleScholar, іздеу жүйелерінен, eLibrary.ru, CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханасынан ғылыми жарияланымдарды іздеу. Қосу критерийлері: қазақстандық авторлардың жарияланымдары, сонымен қатар жақын және алыс шетел ғалымдарының еңбектері; іздеу тереңдігі 10 жылды құрады (2010-2020 жж.). Зерттеу негізгі сөздерді іздеу арқылы жүргізілді: генерик, хабардарлық, сауалнама, рецептті ауыстыру. Көлденең зерттеулердің нәтижелері және жүйелі шолулар нәтижелерін қамтиды. 1200-дан астам жарияланымдар талданды, 59 мақала талдауға енгізілді.
Нәтижелер: денсаулық сақтау қызметкерлері мен пациенттер арасында генерик дәрілік заттар туралы ақпарат қанағаттанарлықсыз болып қалады.
Қорытынды: генерик дәрілік заттар туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдануы керек. Бұл көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде негізгісі - дәрігерлердің биоэквиваленттілік ұғымы туралы білімінің төмендігі, сонымен қатар препараттың тиімділігіне, қауіпсіздігіне және төзімділігіне күмән.
Көрген адамдардың саны: 324
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Калиева Д.Е., Тургамбаева А.К., Керимбаева З.А., Жумамбаева С.М. Медициналық қызметкерлер және науқастар арасындағы генерик дәрілік заттар туралы жалпы ақпарат: әдебиеттерге шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 236-247. doi 10.34689/SH.2021.23.5.025Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW