ЖҮКТІЛІКТІҢ БІРІНШІ ТРИМЕСТРІНДЕ ЗӘРДЕГІ ПЛАЦЕНТАРЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЫ НЕГІЗІНДЕ ПРЕЭКЛАМПСИЯ АУЫРЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІН БОЛЖАУ: ПРОСПЕКТИВТІ КОГОРТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
Зерттеу мақсаты: преэклампсия ауырлығын болжау мүмкіндігін бағалау жүктіліктің бірінші триместрнде анықталған зәрдегі плацентарлық өсу факторының концентрациясы негізінде қандағы PLGF концентрациясымен салыстыру арқылы.
Материалдар мен әдістер: бір орталықтандырылған проспективті когортты зерттеу жүргзілді,оған Прэклампсия даму қаупі жоқ 288 жүкті әйел қосылды. Барлық зерттелушілерге жалпы клиникалық тексеру жүргізілді және денсаулыққа қатысты өткен жағдайлар бағаланды. Преэклампсия диагностикасы және оның ауырлығын бағалау жүктілерде гипертонияны бағалаудың халықаралық қоғам ұсынған критерияларға сәйкес жүргізілді. Қандағы және зәрдегі PLGF деңгейі жүктіліктің 10-14 аптасында анықталды, иммуноферментті талдау DialabELX808IU (Dialab, Австрия) анализаторында, Human Placental Growth Factor ELISA Kit (Sigma Aldrich, Германия) реактивін қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Нәтижесі: анықталды 2,8% (n = 8) жеңіл ПЭ және 2,4% (n = 7) ауыр ПЭ, ал 94,8% (n = 273) науқаста жүктілік бойына нормотензивті. Зәрдегі PLGF концентрациясы жеңіл ПЭ 7,97 (6,35 - 27,21) пг/мл құрайды және нормотензивті жүктілермен статистикалық айырмашылықтар болмады, зәрдегі PLGFдеңгейі 21,4 (14,3-35,1) пг/мл құрайды, сондай-ақ сарысулық PLGF деңгейі жеңіл ПЭ кезінде (p>0,05). Ауыр ПЭ кезінде зәрдегі PLGF 7,17 (5,24 - 16,2) пг/мл құрайды және статистикалық төмен болды,нормотензивті жүктілермен салыстырғанда (p< 0,05) және сарысулық PLGF (p = 0,0233)
ROC-талдауы ауыр ПЭ кезінде қолайлы шектеу деңгейін көрсетті зәрдегі PLGF ≤ 10,8 пг/мл, диагностикалық көрсеткіштерімен AUC 0,869, p < 0,0001, Se 71,4%, Sp 87,2%, DOR 16,8.
Қорытынды: жүктіліктің бірінші триместріндегі зәрдегі PLGF анықтау ауыр ПЭ болжамында қолданылуы мүмкін,тек жеңіл ПЭ үшін емес, сондай-ақ эксперсс тест-жүйесін жасауда қолданылуы мүмкін.
Қазіргі зерттеудің шектелуі зәрдегі PLGF зерттеу ПЭ болжамы және оның ауырлығын анықтау үшін оның әрмен қарай зерттелуін қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 311
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Гайдай А.Н., Тусупкалиев А.Б., Жумагулова С.С., Касаева Н.Е. Жүктіліктің бірінші триместрінде зәрдегі плацентарлық өсу факторы негізінде преэклампсия ауырлық дәрежесін болжау: проспективті когорттық зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 54-62. doi 10.34689/SH.2021.23.6.006Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ