ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ ХАБАРДАРЛЫҒЫН ТАЛДАУ
Кіріспе. Паллиативтік көмек (ПК) хал үстіндегі науқастың мұқтаждықтарына және олардың жақындарын қолдауға бағытталған. Бұл ретте, сөз онкологиялық аурулар туралы болып жатыр. Ауыр созылмалы аурулармен ауыратын адамдардың өсе түскен мұқтаждықтары, сонымен қатар ПК тиімділігінің пайдасына жаңа ғылыми деректер көмектің осы түрін кеңінен пайдалану қажеттілігі және оның әртүрлі денсаулық сақтау қызметтерімен тығыз интеграциясы туралы куәландырады. Мақсаты: Қазақстан Республикасында онкологиялық пациенттерге ПК көрсету туралы халықтың хабардарлығын талдау. Нәтижелер: Зерттеуге 2226 респондент қатысты, оның 81% әйел адам, 19,7% ер адам. Тұтастай анонимдік сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасында онкологиялық пациенттерге ПК көрсету туралы халықтың хабардарлық деңгейі анықталды. Ол өз кезегінде созылмалы аурулардың дамуы терминальдық кезеңінде әртүрлі нозологиялық түрлері бар пациенттерге ПК көрсетуді ұйымдастыру мәселелеріне байланысты медициналық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ары қарай ықпал ете алады. Қорытынды: ПК көрсету туралы халықтың хабардарлық деңгейін анықтау ағымдағы жағдайды бағалаудың ажырамас бөлігі болып табылады және алдағы уақытта ПК көрсетуді оңтайландыру, сонымен қатар онкологиялық ауруы бар пациенттердің тұрмыс сапасын арттыру мақсатында, ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуге көмектесе алады.
Көрген адамдардың саны: 679
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Ансатбаева Т.Н., Кайдарова Д.Р., Кунирова Г.Ж. Қазақстан Республикасында онкологиялық пациенттерге паллиативтік көмек көрсету туралы халықтың хабардарлығын талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 68-75. doi 10.34689/SH.2021.23.6.008Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ