ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТКІЛІКСІЗ ЖӘНЕ АРТЫҚ ДЕНЕ САЛМАҒЫНЫҢ АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Кіріспе. Балалар арасында дене салмағының жеткіліксіздігі мен семіздіктің таралуы денсаулық сақтаудың маңызды мәселесі болып табылады. Елдер сапасыз тамақтанудың еселенген ауыртпалығына тап болуда. Қазақстан Республикасында және елдің өңірлерінде балалық жастағы осы жағдайлардың таралуын зерделеу денсаулық сақтаудың дұрыс тамақтану саласындағы саясаты үшін қажет.
Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасында және ел өңірлерінде бастауыш сынып балалары арасында дене салмағының жеткіліксіздігі, дене салмағының артық болуы және семіздіктің таралу ауқымын зерделеу.
Әдістері. Кросс-секциялық зерттеу 2020 жылы жүргізілді. Балалардың семіздігін эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі зерттеуде (Childhood obesity surveillance initiative, COSI) ұлттық қайталап таныстырмалы іріктемеден (n=6851) 6-9 жас аралығындағы бастауыш сынып балаларының бойы мен салмағы (ұлдар: 49.6%) өлшенді. Z-score мәні индикатор түрінде есептелді - жасына қарай дене салмағының индексі. Дене салмағының, артық салмақтың және семіздіктің таралуын бағалау үшін ДДҰ 2007 ж. шекті мәндері қолданылды.
Нәтижелері. Республика бойынша дене салмағының жеткіліксіздігі 5,0% - ды құрады. Өңірлерде дене салмағының жеткіліксіздігі бойынша ең жоғары көрсеткіштер Қызылорда (8,3%), Алматы (7,7%) және Маңғыстау (7,7%) облыстарында анықталды.
Артық салмақ (семіздікті қоса алғанда) Қазақстанда дұрыс тамақтанбау түрлері арасында жиі кездеседі - 20,6%. Артық дене салмағы Қостанай 29,3%, Шығыс Қазақстан 27,1% облыстарында ең көп, ал Жамбыл облысында (11,3%) аз таралғаны анықталды.
Семіздікке шалдыққан балалардың үлесі 6,6% құрады, оның ішінде 1,6% - ы шамадан тыс семіздікке шалдыққан. Семіздік бойынша ең жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (13,5%) және Қостанай (12,0%) облыстарында анықталды.
Артық салмақ (23,6% ұлдар және 17,6% қыздар), семіздік (8,7% ұлдар және 4,6% қыздар) және шамадан тыс семіздік (2,5% ұлдар және 0,6% қыздар) таралуында маңызды гендерлік айырмашылықтар анықталды.
Тұжырымдар. Қазақстан Республикасында бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында, әсіресе ұлдар арасында артық салмақ жиі кездеседі. Дене салмағының жеткіліксіздігі мен семіздіктің салыстырмалы таралуы дұрыс емес тамақтанудың екі есе ауыртпалығының болуын болжайды. Зерттеу нәтижелері балалар арасындағы дұрыс тамақтанбау проблемасына жауап беру және ұлттық және жергілікті деңгейлерде дұрыс тамақтанбау және семіздікпен күресу саясатын жасау қажеттілігін көрсетеді.
Көрген адамдардың саны: 422
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Абдрахманова Ш.З., Слажнева Т.И., Адаева А.А., Имашева Б.С., Арингазина А.М., Акимбаева А.А., Сулейманова Н.А. Қазақстан Республикасындағы кіші мектеп жасындағы балалардың жеткіліксіз және артық дене салмағының антропометриялық көрсеткіштері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 76-87. doi 10.34689/SH.2021.23.6.009Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ