Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ИМПЛАНТАЦИЯЛЫҚ КАРДИОВЕРТЕР ДЕФИБРИЛЛЯТОРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Кіріспе. Түрлі зерттеулер имплантацияланатын кардиовертер дефибрилляторын (ИКД) жүрек ауруы бар науқастар үшін тиімді технология ретінде ұсынады. ИКД технологиясы соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасында белсенді түрде жүргізілуде. Біздің зерттеуіміздің мақсаты - ИКД имплантациясынан кейінгі науқастардың өмір сүру тәжірибесін зерттеу. Материалдар және әдістері. Біз имплантацияланатын кардиовертер дефибрилляторы бар науқастарды күтуге қатысты қолданыстағы ережелерді қарастырдық. Біздің кросс-секциялық зерттеуіміз ИКД бар науқастармен сауалнама жүргізуді қамтыды. Сауалнама келесі бөліктерден тұрды: демографиялық деректер; денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен күрделілігі; медициналық ұйым қызметкерлерінің науқасқа қатынасы; респонденттердің ИКД туралы алынған ақпаратқа қанағаттануы мен қалауы. Респонденттердің қалауына қарай орыс және қазақ тілдерінде жүргізілген онлайн сауалнамаға 63 респондент қатысты. Сауалнама 2021 жылдың ақпан - мамыр айларында Алматы және Қызылорда облысында ИКД алған науқастар арасында жүргізілді. Статистикалық талдау SPSS 13 көмегімен орындалды. Айнымалылар Me медианасы [Q1, Q3] ретінде берілген. Сапалық көрсеткіштердің жиілік сипаттамаларын талдау Пирсон критерийін (χ2) пайдалана отырып, параметрлік емес әдістермен жүргізілді. Деректер айырмашылықтары p <0,05 статистикалық маңызды деп саналды. Нәтижелер: Дәрігерлер үшін клиникалық хаттаманың болуы оң үрдіс болып табылады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі қиындықтар тіркеу жүйесінің қолайсыздығымен, ақылы негізде кардиологтың бақылауымен байланысты болды, 36,5%. Респонденттердің алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен стационарлық мекемелердегі медициналық мамандардың көзқарасына қанағаттануы жоғары болды; жоғары білімі бар респонденттердің арасында ИКД туралы ақпаратты ұсынуға қанағаттанушылық төмен; және жасы бойынша қанағаттану, 60 жасқа дейінгі респонденттердің әртүрлілігі жоғары болды. Респонденттердің үштен бірі жаттығуларға төзімділік туралы ақпаратты ұнатпайды немесе білмейді, ал үштен бірі бөлігі имплантация үшін госпитализация кезінде психологтың кеңесін қалайды. Қорытынды: ИКД технологиясының оң және ықтимал теріс әсерлері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді жақсарту және ИКД-ы бар науқастардың қанағаттануы мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін алғашқы медициналық көмек деңгейінде науқастарға ұсыныстар беру бойынша қажеттілік байқалады.
Көрген адамдардың саны: 310

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Бегисбаев Т., Кошербаева Л., Бримжанова М., Ахметов В., Хван Д., Ахтаева Н. Имплантациялық кардиовертер дефибрилляторы бар науқастардың өмір сүру тәжірибесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 103-110. doi 10.34689/SH.2021.23.6.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев