БАЛА ЖАСЫНДАҒЫ НАУҚАСТАРДЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ ОРТА ОТИТТЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ АДЕНОИДТЫ ГИПЕРТОФИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Кіріспе. Балалардың ортаңғы құлақтың созылмалы қабыну ауруларын жүргізу және емдеу тактикасын оңтайландыру отиатриялық тәжірибедегі маңызды мөселелердің бірі болып табылады. Есту қабілетінің бұзылуы баланың әлеуметтенуінің нашарлауына, когнитивті және мінез-құлық ауытқуларына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, балалардағы ортаңғы құлақтың патологиясы басқа ЛОР мүшелерінің қабыну процестерімен жиі бірге жүреді. Атап айтқанда, жұтқыншақтың аденотонзиллярлы тініндегі гиперпролиферативті өзгерістер тұрақты микробтық инфекцияның резервуары бола алады. Ортаңғы құлақтың қабыну патологиясы бар науқастарда аденоидты вегетацияларды алып тастау хирургиялық емдеудің анатомиялық және функционалдық нәтижелерін айтарлықтай оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Мақсаты: Созылмалы ортаңғы отит (СОО) хирургиялық емдеудің қолданыстағы әдістері және аденоидты гипертрофияны уақтылы емдеудің ауруды ұйымдастыруға қосқан үлесі туралы әдебиеттерге шолу жасау.
Іздеу стратегиясы: Дереккөздерді іздеу келесі мәліметтер қорларында жүргізілді: Pubmed, ResearchGate, Cyberleninka, eLibrary. Шолуға енгізу критерийлері: орыс және ағылшын тілдеріндегі толық мәтінді басылымдар; адамдар мен жануарларға жүргізілген зерттеулер; бастапқы (сипаттамалық және аналитикалық зерттеулер, клиникалық зерттеулер); екіншілік зерттеулер (жүйелі шолулар және мета-талдаулар); оқу-әдістемелік құралдары; клиникалық нұсқаулар мен протоколдар.
Нәтижелер мен қорытындылар. Біздің шолуымыз CОО емдеуде ең жиі қолданылатын хирургиялық араласулар Вульштейн бойынша I және II типті тимпанопластика екенін көрсетті. Тимпанопластикада қолданылатын эндоскопиялық және микроскопиялық бейнелеуді салыстыру бойынша зерттеулер әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, CОО бар науқастарда тимпанопластика алдында аденоидэктомияны орындау белгілі бір клиникалық артықшылықтармен байланысты.
Көрген адамдардың саны: 292
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Шамшудинов Т., Таукелева С. Бала жасындағы науқастардың созылмалы орта отитты хирургиялық емдеу тәсілдерінің аденоидты гипертофияға байланысты әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 123-129. doi 10.34689/SH.2021.23.6.014Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW