МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІС. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе. Соңғы 20 жыл ішінде білім беру секторы кең ауқымды өзгерістерге ұшырады. Бүкіл әлем бойынша медициналық білім берудегі трансформациялық үдерістер және оқытушы міндеттерінің кеңеюі медициналық ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы арасында психологиялық күйзелістің таралуын және болжаушыларын жан-жақты зерттеу қажеттілігін айқындайды. Соңғы бағалаулар бойынша, медицина қызметкерлері арасында депрессиялық белгілердің ғаламдық таралуы 28,8% құрады.
Зерттеу мақсаты. Медициналық университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында психологиялық күйзелістің ғаламдық таралуы мен қауіп факторларын зерттеуге арналған жарияланымдарды талдау.
Іздеу стратегиясы. Біз PubMed, Scopus, Web of Science, Google Scholar, Ovid, SpringerLink дерекқорлары бойынша тиісті әдебиеттерді іздедік. Іздеу тереңдігі 10 жыл болып белгіленді. Қосу өлшемшарттары: ағылшын және орыс тілдеріндегі толық мәтінді түпнұсқа және шолу мақалалары, жүйелі шолулар, мета-талдаулар. Шығару өлшемшарттары: конференциялардың баяндамалары мен тезистері, жеке хабарламалар мен газет басылымдары, мақаланың ағылшын немесе орыс тілдеріндегі толық мәтінінің болмауы. Іздеу нәтижелері бойынша әдебиеттік шолуға біздің талаптарға сәйкес келетін 83 жарияланым енгізілді.
Нәтижелері. Қолданымдағы деректерге сәйкес, университет оқытушыларында жалпы халықпен салыстырғанда шекаралық менталды бұзушылықтардың едәуір жоғары деңгейі тіркеледі. Мазасыздық-депрессиялық ауытқулар медицина қызметкерлері арасында суицидтің жоғары коэффициентін тудыратуына байланысты, бұл психикалық денсаулыққа қатысты алаңдаушылықтың маңызды себебі болып табылады.
Қорытындылар. Әдебиеттік шолу медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы арасындағы психологиялық күйзелістің ауырлығы мен қауіп факторларын зерттеу физикалық және психикалық денсаулығына теріс әсер ететіндіктен ерекше қызығушылық тудыратынын көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 352
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Уристемова А.К., Мысаев А.О., Мигина Л.Е., Маутканова А.О. Медициналық университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында психологиялық күйзеліс. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 214-223. doi:10.34689/SH.2021.23.6.023Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW