Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРҒА ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕГІ АУЫРСЫНУДЫ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ХАБАРДАР БОЛУЫН ТАЛДАУ
Кіріспе. Соңғы елу жыл ішінде паллиативтік көмек (ПК) көптеген елдерде мейірбике ісі философиясынан кәсіби медицинаға дейін дамыды. Мәселе бұдан былай ПК онкологиялық науқастарға берілу керек пе емес, бірақ онкологиялық науқастар үшін нәтижелерді оңтайландыру үшін оны қашан және қалай қамтамасыз ету керек. Науқас пен оның жанұясына ауырсынуды дұрыс басқарудан туындайтын ықтимал стресс ауыртпалығы қоғамдық денсаулық сақтаудың басты мәселесі болып табылады және денсаулық сақтауды дамыту саясатының қағидаттарына сәйкес шешілуі керек. Мақсаты: Қазақстан Республикасында онкологиялық науқастарға ПК көрсету кезіндегі ауырсынуды басқару туралы медицина қызметкерлерінің хабардар болуын талдау. Материалдар мен әдістері: 2021 жылғы 1 наурыздан 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде Қазақстандағы медицина қызметкерлеріне сауалнама жүргізу арқылы көлденең зерттеу жүргізілді, қосу критерийлері-18 және одан жоғары жастағы респонденттер, барлығы осы зерттеуге 750 респондент қатысты. Деректерге статистикалық талдау бүкіл ел бойынша жүргізілді. Сапалық деректер абсолютті сандар мен пайыздар түрінде ұсынылды. Сипаттамалық талдау нәтижесінде алынған түйіндемелер диаграммалар мен кестелер түрінде ұсынылды. Барлық статистикалық тесттер SPSS 23 статистикалық бағдарламасында өткізілді. Нәтижелер: Зерттеуге 750 респондент қатысты, оның 76,41% әйел адам, 23,59% ер адам. Тұтастай анонимдік сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасында онкологиялық науқастарға ПК көрсетуді кезінде ауырсынуды басқару туралы медицина қызметкерлерінің хабардарлық деңгейі анықталды. Ол өз кезегінде әртүрлі ауырсынуды түрлері бар пациенттерге ПК көрсетуді ұйымдастыру мәселелеріне байланысты медициналық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ары қарай ықпал ете алады. Қорытынды: Онкологиялық науқастарға ПК көрсету кезінде ауырсынуды басқару туралы медицина мамандарының хабардарлық деңгейін анықтау ағымдағы жағдайды бағалаудың ажырамас бөлігі болып табылады және алдағы уақытта ПК көрсетуді оңтайландыру, сонымен қатар онкологиялық ауруы бар пациенттердің тұрмыс сапасын арттыру мақсатында, ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуге көмектесе алады..
Көрген адамдардың саны: 487

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Ансатбаева Т.Н., Кайдарова Д.Р., Кунирова Г.Ж. Қазақстан Республикасында онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек көрсету кезіндегі ауырсынуды басқару туралы медицина қызметкерлерінің хабардар болуын талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 22-29. doi 10.34689/SH.2022.24.1.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев