10 ЖӘНЕ 17А ИНТЕРЛЕЙКИНДЕРІ: ҚАЗАҚ ПОПУЛЯЦИЯСЫНДА ГЕН ПОЛИМОРФИЗМДЕРІНІҢ БРУЦЕЛЛЕЗ АУРУЫМЕН ЖӘНЕ ЦИТОКИНДЕР ДЕҢГЕЙІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Өзектілігі. Бруцеллездің клиникалық ағымын болжамдау кезінде аурудың пайда болуында маңызы бар генетикалық фактордың (кейбір цитокиндердің полиморфизмдері) қатысуы жоққа шығарылмайды. Сондықтан, ауруға бейімділік пен оның ағымының ерекшеліктерінің генетикалық маркерларын іздеу теоретикалық және практикалық қызығушылық тудырады.
Зерттеудің мақсаты: Бруцеллезбен ауыратын қазақ науқастарында ИЛ10 және ИЛ17 гендік полиморфизмдерінің бруцеллез ауруымен және осы цитокиндердің деңгейімен байланысын анықтау.
Құралдар мен әдістер. Зерттеуде 89 науқас және 422 сау қазақ қатысты. Науқастардан материалдар Семей қаласының Жұқпалы аурулар ауруханасында жиналды. Набор материала проводился на базе Клинической инфекционной больницы г. Семей, Казахстан. Генотиптеу нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакция әдісімен жасалды. Плазмадағы цитокиндер деңгейі иммуноферменттік сараптама әдісімен анықталды. Определение уровней цитокинов в плазме крови проводилось методом иммуноферментного анализа. Статистикалық өңдеу χ2 Пирсон критериін және 95% сенімді интервалымен (СИ) шанстар қатынасын (ШҚ), Краскел-Уоллес және Манна-Уитни критерийлерін қолданумен жүргізілді.
Зерттеудің нәтижелері: rs8193036 полиморфизмінің С аллель және СС генотип (ШҚ = 4,42 және 7,32; 95% СИ: 3,0-6,51 және 4,39-12,20, сәйкес) бруцеллезге бейімділік факторлары болып, Т аллель, СТ және ТТ генотиптері аурудан қорғайтын факторлары болуы мүмкін. Бруцеллезге бейімділікпен rs2275913 полиморфизмінің Gаллель және GG генотип (ШҚ = 2,26 және 2,25; 95% СИ: 1,51-3,38 және 1,40-3,61) тасымалдаушыларында, ал резистенттілікпен А аллель және АА, АG генотип тасымалдаушыларында байланыс анықталды. ИЛ-17 А деңгейі бруцеллезбен ауыратын науқастарда СС, СТ және GG генотиптерімен сау адамдарға қарағанда жоғары болды (р = 0,054, 0,002 және 0,012). АА және GA генотиптерімен науқастарда ИЛ-10 деңгейі сау адамдарға қарағанда төмен болды (р<0,001 және р<0,001).
Қортынды: Сонымен, ИЛ17А генінің полиморфизмдері бруцеллез ауруымен және цитокин деңгейімен, ал ИЛ10 гендік полиморфизмі ИЛ-10 деңгейімен бруцеллезбен ауыратын қазақ науқастарда байланысты болуы мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 224
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Муковозова Л.А., Бекенова Н.Б., Токаева А.З., Қасым Л.Т, Смаил Е.М. 10 және 17А интерлейкиндері: қазақ популяциясында ген полиморфизмдерінің бруцеллез ауруымен және цитокиндер деңгейімен байланысы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 39-46. doi 10.34689/SH.2022.24.1.005Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ