ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН, ЖАРАҚАТТАРДАН ЖӘНЕ УЛАНУДАН БОЛАТЫН ӨЛІМ-ЖІТІМДІ ТАЛДАУ
Зерттеудің өзектілігі. Жарақаттанудың үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, өйткені ол еңбекке қабілетсіздік пен медициналық-әлеуметтік салдардың жоғары деңгейіне әкеледі: мүгедектік пен өлім. Жыл сайын әлемде 5 миллионнан астам адам жарақаттан көз жұмады. Қазіргі таңда әлемдегі 300 млн. мүгедектің басым бөлігін жол-көлік оқиғаларының құрбандары құрайды.
Мақсаты. Қазақстан Республикасында жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім-жітімді зерделеу болып табылады.
Материалдары мен әдістері. "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі" статистикалық жинағының, оның ішінде Мединформның деректері бойынша 2010-2020 жылдары Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісінде жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім-жітімге салыстырмалы ретроспективті талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері. Соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасы бойынша жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім-жітімнің айтарлықтай төмендеуі байқалады. 2004-2006 жылдары өлім-жітімнің жоғары болуы байқалады, 100 мың халыққа шаққанда 148-150,2 шегінде ауытқиды. 2019 жылы жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім-жітімнің орташа республикалық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 65,35-ті құрады. Өлім-жітімнің жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан (108,66) және Солтүстік Қазақстан (107,14) облыстарында байқалады. Ең төменгі өлім-жітім Нұр-Сұлтан қаласында (38,02) және Қызылорда облысында (38,55) тіркелді.
Қорытынды. Осылайша, Қазақстанда жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім-жітімнің төмендеуі байқалады. Солтүстік Қазақстан өңірлерінде өлім-жітімнің төмендеуіне қарамастан, елдің осы бөлігінде Оңтүстік және Батыс Қазақстанмен салыстырғанда жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім-жітімнің жоғары болуы байқалады.
Көрген адамдардың саны: 241
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Ни Р., Смаилова Д.С., Ибраев С.Е., Акильжанов К.Р., Елисинова А.М., Арингазина А.М. Қазақстан Республикасында жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім-жітімді талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 71-78. doi 10.34689/SH.2022.24.1.009Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ