Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕ КЕНГУРУ ӘДІСІН ЕНГІЗУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ КЕДЕРГІЛЕР
Кіріспе: Сәбиөлімін азайту кез келген елдің денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені бұл көрсеткіш денсаулық сақтау саласының деңгейін, елдің дамуын, әлеуметтік бағыттылығын және жалпы адамзаттық құндылықтарға адалдығын көрсетеді. Нәресте өлімінің құрылымында жоғалтулардың 60%-дан астамы неонаталдық кезеңде орын алады. Шала туылған нәрестелер арасындағы өлім-жітім мен сырқаттанушылықты азайтудың жалпыға танылған және дәлелденген әдістерінің бірі кенгуру әдісі болып табылады. Бұл әдіс өзінің тиімділігі мен қолжетімділігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кеңіненқолдануда көптеген кедергілерге ие. Анықталған кедергілер шала туылған нәрестелерді күтудің күнделікті тәжірибесін тиімді жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Зерттеу мақсаты: мейірбике қызметкерлерінің кенгуру әдісінің пайдалы қасиеттері туралы хабардар болуын зерттеу, оны Қазақстан Республикасының неонаталдық бөлімшелерінің тәжірибесіне кеңінен енгізудегі кедергілерді анықтау. Материалдар және әдістері: Зерттеу Google сауалнамасы мен WhatsApp желісіндегі неонатологтардың республикалық кәсіби чатын қолдану арқылы сауалнама әдісімен жүргізілді. Сауалнамаға 186 медбикеқатысты, оның 5-еуі сұрақтардың көпшілігіне жауап бермегендіктен талдаудан шығарылды. Нәтижесінде, еліміздің 37 перинаталды орталықтарының нәрестелер реанимациясы және қарқынды емдеу бөлімшелерінің (НРҚЕБ) 110 мейірбикесі және 71 шала туылған нәрестелерді күту және жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөлімдері (НПБ) мейірбикелеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға еңбекөтілімен жұмыс тәжірибесіне қарамастан медбикелер қатысты. Респонденттердің жауаптары көрсетілген бөлімдер арасында салыстырылды және алынған нәтижелер статистикалық әдіспен өңделді [4]. Топтар арасындағы орташа мәндерді салыстыру Student's t-test (t-test) арқылы жүргізілді. Категориялық деректер үшін Фишердің нақты сынағы (үлгілердің шағын өлшемдері үшін күтпеген жағдайлар кестелері) пайдаланылды. Топтар арасындағы айырмашылық p-мәні < 0,1 болғанда статистикалық маңызды деп саналды. Клиникалық нәтижені болжау үшін сызықтық регрессия, ал статистикалық модельді жақсарту үшін сатылы регрессия қолданылды. Нәтижелер: Кенгуру әдісін (КӘ) енгізу үшін жасалған жағдайдың деңгейін, білім мен дағдыларды (оқуға байланысты көрсеткіштер) талдау кезінде біз НРҚЕБ мен НПБ-да КӘ бойынша дайындалғандардың үлесі бірдей емес екенін анықтадық (НПБ-де айтарлықтай жоғары). Дегенмен, КӘ-не кемінде 1 қарсы көрсетілімді көрсеткен респонденттердің саны тыңдаушылар санына байланысты емес, бөлімніңтүріне байланысты. Сонымен қатар, оқытылмаған респонденттер оқытылғандарға қарағанда КӘ-не қарсы көрсетілімдерді көбірек атап өтті. Сонымен қатар, КӘ-ның кем дегенде бір оң белгісін, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бір қарсы көрсеткішті көрсеткендердің саны оқытылған және оқытылмағандар арасында бірдей болды. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) елдеріндегі (Ұлыбритания мысалында) және Қазақстан Республикасындағы перинаталдық орталықтардың жұмысын ұйымдастырудың салыстырмалы талдауы бөлімшелердің құрылымында да елеулі айырмашылықтарды және бір медбикеге шаққандағы жұмыс жүктемесін де анықтады. Қазақстан Республикасында шала туылған нәрестелерді қүту және нәрестелер патологиясы бөлімшелеріндегі төсек-орын сыйымдылығы нәрестелер реанимациясы және қарқынды емдеу бөлімшелеріндегі (НРҚЕБ) төсек-орындар санынан 2,4 есеге артық екені анықталды. Бірақ, бұл бөлімшелерде күндізгі, түнгі және демалыс күндері жұмыс істейтін медбикелердің орташа саны шамамен бірдей. НРҚЕБ және НПБ жүктемені (1 медбике қызмет көрсететін төсек саны) есептегенде, НПБ-дағы жүктеменің НРҚЕБ-ға қарағанда айтарлықтай жоғары екені анықталды (p<0,001). Қорытынды: 1. КӘ-ны тәжірибеге енгізу үшін жасалған жағдайлар НРҚЕБ және НПБ-да білім деңгейімен практикалық дағдылары білім алған медбикелерде статистикалық тұрғыдан айтарлықтай жоғары. 2. Шала туған нәрестелерді күту және нәрестелер патологиясы бөлімшесінде бір медбикеге жүктеме қарқынды терапия бөлімшесіне қарағанда айтарлықтай жоғары. 3. Қазақстан Республикасының неонаталдық бөлімшелерінде бір медбикеге есептелген жүктеме белгіленген республикалық стандартқа сәйкес келеді, бірақ ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.
Көрген адамдардың саны: 395

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Карин Б.Т., Чувакова Т.К., Джаксалыкова К.К., Нурмагамбетова Б.К., Алибекова Б.А. Қазақстан Республикасының перинаталдық орталықтарының тәжірибесіне кенгуру әдісін енгізуге ықпал ететін факторлар және кедергілер // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 90-97. doi 10.34689/SH.2022.24.1.011

Авторизируйтесь для отправки комментариев