РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТКЕ БЕЙІМДІЛІГІ БАР ГЕНЕТИКАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯЛАР. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
Кіріспе: Ревматоидты артрит (РА) буындарға және бүкіл денеге әсер ететін аутоиммунды қабынумен сипатталады. Әлемде РА таралуы 0,5-1% құрайды, бірақ бұл көрсеткіш географиялық аймақтарға байланысты өзгеріп отырады. РА этиологиясы әлі белгісіз. Эндогендік және экзогендік факторлардың өзара байланысы бірқатар зерттеулермен расталады. Ревматоидты артриттің дамуына және жетекші эндогендік факторлардың бірі-генетикалық бейімділік болып табылады, және де ол бүгінгі күнге дейін ғылым аясында кең зерттеу пәні болып табылады.
Мақсаты: Қазақстанның ғылыми-практикалық медициналық қоғамдастығына ревматоидты артритке генетикалық бейімділігі тақырыбының өзектілігін көрсету.
Іздеу стратегиясы: Ұсынылған шолу мақаласы АР08052703 "Қазақстандық популяциядағы ревматоидты артриттің микробиомалық және геномдық биомаркерлерін анықтау" жобасы бойынша зерттеу шеңберінде жазылған. Ақпараттық іздеу PubMed, Trip Database, EMBASE, Medline, Elsiever, GoogleScholar дерекқорларында жүргізілді. Барлығы 206 әдеби дереккөз табылды, олардың 100-і іріктеу критерийлеріне сәйкес келді және осы шолуға енгізілді. Қосу критерийлері: ағылшын және орыс тілдерінде негізінен соңғы 5 жылда жарияланған толық мәтінді мақалалар. Алайда, негізгі білім және механизмдерді сипаттау үшін бұрынғы дереккөздер де қолданылды. Ерекшелік критерийлері: жарамсыз дереккөздер, толық емес мақалалар, көшірмелер, рефераттар.
Нәтижелер мен қорытынды: Бүгінгі таңда РА гендерінің 100-ден астам HLA және HLAтыс локустары зерттелді. Бұл мақалада біз РА-ның жоғары қаупімен байланысты ең көп зерттелген немесе патогенетикалық жетекші гендерге назар аударуға тырыстық. РА - ке генетикалық бейімділікті зерттеу, әрине, қосымша зерттеулерді қажет етеді. Өз тарапымыздан, біздің жұмысымыз РА патогенезі және осы патологияның дамуындағы генетикалық маркерлердің рөлі туралы мәліметтерді толықтырады деп үміттенеміз.
Көрген адамдардың саны: 234
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Исильбаева А.А., Айнабекова Б.А. Ревматоидты артритке бейімділігі бар генетикалық ассоциациялар. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 139-146. doi: 10.34689/SH.2022.24.1.016Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ