ЖҮРЕКТІҢ МИТОХОНДРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЦИТОПЛАЗМАЛЫҚ ФЕРМЕНТТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН РЕТТЕУДЕГІ КАТЕХОЛАМИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МЕТАБОЛИТТЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Өзектілігі: Шолуда кардиомиоциттердің митохондриялық ферменттері – сукцинатдегидрогеназа (СДГ), цитохром с оксидаза, (ЦХО) белсенділігін реттеуге катехоламиндер мен олардың метаболиттерінің қатысу ерекшеліктері туралы әдебиет деректері АТФ-аза және АМФ-деаминаза (АМРD) және кардиомиоциттердің цитоплазмалық ферменттері - глутатионпероксидаза (ГПО), глутатионредуктаза (ГР) каталаза, аденозиндеаминаза (АД), АМФ деаминаза (АМРD), 5-нуклеотидаза (5`H) және липидтердің асқын тотығу өнімдері- малонды диальдегид (МДА) мен диенді коньюгаттар (ДК) құрамы. талданады. Митохондриялық ферменттер белсенділігінің катехоламиндердің метаболизміне функционалдық тәуелділігі әдебиеттік зерттеу нәтижелері көрсетті.
Зерттеудің мақсаты: катехоламиндер мен олардың метаболиттерінің митохондриялық ферменттері мен цитоплазмалық ферменттердің белсенділігінің реттелуі және липидтердің асқын тотығуы туралы әдебиеттерді талдау.
Іздеу стратегиясы: Әдеби шолу Scopus, Web of Science Core Collection, MedLine, PubMed, Cochrane Library, Google Scholar іздеу жүйелерінде, e-Library.ru, CyberLeninka электронды ғылыми кітапханаларында ғылыми жұмыстарға іздеу жүргізілді. Әдебиеттерді іздеудің тереңдігі 20 жылды құрады. Іздеу сүзгілері: соңғы 20 жылда тышқандар мен егеуқұйрықтарға жүргізілген эксперименттік зерттеулер, ағылшын және орыс тілдерінде жарияланған, сонымен қатар толық нұсқалары нақты тұжырымдалған және статистикалық дәлелденген қорытындылары бар мақалалар.
Нәтижелер және қорытындылар: Әдебиет деректерін талдау симпатоадренальды жүйенің гормондары-медиаторлары кардиомиоцитарлы митохондриялардың тыныс алу тізбегінің ферменттерінің белсенділігін өзгерту арқылы тіндердің тыныс алу процестерін реттейтінін көрсетті. Кардиомиоциттерде адреналин пурин нуклеотидтері AD және AMPD метаболизмінің цитозолдық ферменттерін белсендіріп, липидтердің асқын тотығу деңгейін (МДА және ДК) жоғарылатады, антиоксиданттық қорғаныс ферменттерінің ГПО және каталаза белсенділігін арттырады, бұл адреналиннің адренорецепторлық механизмдер, денені тотығу стресс жағдайына әкеледі.
Көрген адамдардың саны: 261
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Тапбергенов С.О., Советов Б.С., Смаилова Ж.Қ., Кайрханова Ы.О., Крыкпаева А.С. Жүректің митохондриялық және цитоплазмалық ферменттердің белсенділігін реттеудегі катехоламиндер және олардың метаболиттері. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 1 (Т.24). Б. 193-206. doi:10.34689/SH.2022.24.1.022Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ