Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МУЛЬТИСПИРАЛЬДІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ НЕГІЗІНДЕ ІШКІ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ БҰРМАЛАНУЫНЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ӘДІСІН ЖОСПАРЛАУ
Кіріспе. Каротид артерияларын (КА) қалпына келтіру әдісін таңдау патологиялық бұрмалану (ПБ) түріне байланысты және визуалды зерттеу әдістерінің деректері негізінде таңдалады. Мультиспиралдық компьютерлік томография (МСКТ) және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып визуализация әдістері саласындағы соңғы жетістіктер неғұрлым нақты талдауды қамтамасыз ете отырып, үш өлшемді кескіндерді реконструкциялауға мүмкіндік береді. Мақсат. Бұл зерттеудің мақсаты контрастты күшейтілген МСКТ деректеріне негізделген ішкі үйқы артерияларының (ІҰА) ПБ операция алдында жоспарлауды оңтайландыру болып табылады. Әдістер. Бұл зерттеуге контраст күшейтілген МСКТ-дан өткен цереброваскулярлық жеткіліксіздігі және ІҰА гемодинамикалық маңызды ПБ- ы бар 167 пациент қамтылды. Контраст күшейтілген МСКТ Philips Brilliance iCT томографында жасалынды, алынған кесінділердің қалыңдығы 0,6 мм-ден аспады. КТ сканерлеуінің 3D кескіндері RadiAnt DICOM Viewer 2020.2.3 бағдарламалық құралының көмегімен орындалды. Контраст күшейтілген MСКТ 3D кескініне сүйене отырып, хирургиялық емдеу алдында біз ІҰА-ң деформацияланған аймағының жағыдайын бағалау хаттамасын жасадық. Науқастардың барлығына операция жасалынды, 30 науқаста екі жақты зақымданғандығы анықталды. Сондықтын екi жағында клиникалық белгілері болғандықтан сәйкесінше оларға қарама-қарсы жағынан операция жасалынды. Нәтижелері. 137 науқаста бір жақты ІҰА ПБ анықталды, кинкинг синдромы басым бөлігін - 64%, C- және S-тәрізді қисаюы аз бөлігін - 26% және койлинг - 10% құрады; 30 пациентте екі жақты ПБ бір жақтыға қарағанда әлдеқайда аз болды. Жақ сүйегінің бұрышына қатысты ПБ-ң орналасуы (деңгейінде/жоғары/төмен): деңгейінде – 75 (38%); жоғары – 94 (48%); төмен – 28 (14%) құрады. 197 жағдайдың 69-ында шартты түзетілгеннен кейін ІҰА-ның асып кетуі 2 см-ден аз, басқа жағдайларда (162) 2 см-ден астам болды. ІҰА-да 197 қалпына келтіру операцияларының 69- ы 1-ші әдіспен, 105-і 2-ші әдіспен, 21-і 3-ші әдіспен және 4-ші әдіспен – 2-і орындалды. Қорытынды. Контраст күшейтілген МСКТ ІҰА-ң патологиялық өзгерген аймағының орналасу деңгейін, деформация түрі туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар шартты түзетуден кейінгі артерияның артық мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді. Осы деректердің барлығы ІҰА-ң ПБ-н емдеу кезінде қалпына келтіру операцияларының дұрыс әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 242

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Догалбаев Е.К., Фурсов А.Б., Султаналиев Т.А., Сагандыков И.Н., Сулейменов С.С. Мультиспиральді компьютерлік томография негізінде ішкі ұйқы артериясының патологиялық бұрмалануының реконструкциялау әдісін жоспарлау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 24-31. doi10.34689/SH.2022.24.2.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев