Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СОЗЫЛМАЛЫ ОРТА ОТИТКЕ ШАЛДЫҚҚАН БАЛА ЖАСЫНДАҒЫ НАУҚАСТАРДЫҢ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ТӨМЕНДЕУ ФАКТОРЛАРЫ
Кіріспе. Созылмалы орта құлақ отиті (СОО) педиатриялық тәжірибеде жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Индустриалды дамыған елдердегі аурудың ауыртпалығы есту қабілетінің жоғалуымен және баланың дамуының одан әрі кешігуімен байланысты. СОО көбінесе есту қабілетінің жоғалуының өткізгіш түрімен біріктіріледі, өйткені есту тізбегінің сүйек элементтері созылмалы іріңді қабыну салдарынан жойылады. Мақсаты. Біздің зерттеуіміздің мақсаты келешектегі тиімді алдын алу шараларын әзірлеу үшін СОО патогенезіндегі қауіп факторларын анықтау болып табылады. Материалдар мен тәсілдер. Бұл зерттеу сипаттамалық және регрессиялық статистиканы пайдалана отырып, жеке деректер мен медициналық жазбалардың талдауын ұсынады. Зерттеуге созылмалы орта құлақ отитімен ауыратын 65 бала қатысты. Зерттеу Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №5 қалалық клиникалық ауруханасының оториноларингология бөлімшесінде 2018 жылдың наурыз айынан 2020 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді. Нәтижелер мен қорытындылар. Біздің зерттеуіміздің нәтижелері созылмалы орта құлақ отиті бар балалардың ең жиі кездесетін кейбір сипаттамалары есту қабілетінің жоғалуының ықтимал қауіп факторлары ретінде әрекет етуі мүмкін екенін көрсетті. Осылайша, ортаңғы құлақтың жедел қабыну ауруларының алдын алу және құрамында этанол бар құлақ тамшыларымен емдеуді толығымен тоқтату есту қабілетінің жоғалуы мен нашарлауының алдын алуға үлкен ықпал етеді.
Көрген адамдардың саны: 300

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Шамшудинов Т., Таукелева С. Созылмалы орта отитке шалдыққан бала жасындағы науқастардың есту қабілетінің төмендеу факторлары // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 57-62. Doi 10.34689/SH.2022.24.2.007

Авторизируйтесь для отправки комментариев