Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА АНТИБИОТИКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ БІЛІМІ, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ
Кіріспе. Микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігінің артуы денсаулық сақтаудың жаһандық проблемасы болып табылады және антибиотикке төзімділік мәселесін елемеу тек медициналық ғана емес, сонымен қатар ауыр экологиялық салдарға әкелуі мүмкін. Антибиотикке төзімділіктің маңызды себептерінің бірі антибиотиктерді қолдану жиілігінің едәуір артуы болып табылады. Антибиотиктер-бұл 50% жағдайда негізсіз қолданылатын дәрілердің жалғыз тобы. Мақсат: Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы тұрғындарының антибиотиктерді қолдану бойынша біліміне баға беру. Материалдар мен әдістер: 2021 жылдың қазан-желтоқсан айларында Семей қаласының тұрғындары арасында көлденең зерттеу жүргіздік. Зерттеуге медициналық білімі жоқ қала тұрғындары қатысты. Антибиотиктерді қолдану туралы білім көпелдік зерттеуде қолданылатын ДДҰ-ның бекітілген сауалнамасынан бейімделген мәселелерді қолдана отырып бағаланды. Қатысушылардың жас профилі жылдардың орта жасы мен квартильдік диапазонын есептеу арқылы жалпыланды. Қатысушылардың жалпы сипаттамаларын (жынысы, отбасы жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамту), антибиотиктерді қолдану туралы білім және әртүрлі жағдайларда антибиотиктерді қолдану туралы сұрақтарға жауаптар, оның ішінде категориялық айнымалылар жиіліктер мен пайыздарды қолдана отырып жинақталды. p<0,05 статистикалық маңызды болып саналды. Нәтижелері: зерттеуге орташа жасы 37 (IQR 35-44) болатын 159 ересек адам қатысты. Тұрғындардың 31 пайызы антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз сатып алдық деп жауапберді. 25,1%-ы өздерін жақсы сезінген кезде антибиотиктерді қабылдауды тоқтату керек деп жауапберді. Респонденттердің 65,4% суықтию мен тұмауды антибиотиктер мен емдеуге болатын жағдайлар ретінде анықтады. Қорытынды: антибиотиктерді қолдану көрсеткіштері және оларды дұрыс қолдану туралы білім жеткіліксіз. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлері халықты антибиотиктерді дұрыс қолдану және олардың тиімсіз пайдаланылуына зайту туралы хабарда рету үшін қажет.
Көрген адамдардың саны: 496

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Искакова Н.С., Хисметова З.А., Маукаева С.Б., Сулейменева Д.М., Самарова У.С., Шах В. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы тұрғындары арасында антибиотиктерді қолдану туралы білімі, қарым-қатынасы және практикасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 78-83. Doi 10.34689/SH.2022.24.2.010

Авторизируйтесь для отправки комментариев