КОВИД-19 АУЫРЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІНІҢ ИММУНОПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе: COVID-19 індеті 2019 жылдың соңында Қытайдың Хубэй провинциясында басталды. 2020 жылдың бірінші тоқсанында ауру бүкіл әлемге тарады. 2020 жылдың 11 наурызында ДДҰ COVID-19 пандемиясын жариялады. Қазақстанда аурудың бірінші жағдайлары 2020 жылдың наурыз айында тіркелген.
Мақсаты: Әлеуметтік маңызы бар COVID-19 ауруы оның иммунопатогенетикалық негіздерінің ауырлығы туралы ғылыми ақпаратты жүйелі іздеу.
Іздеу стратегиясы: Мақалаларды іріктеу PubMed, ResearchGate, Google Scholar электрондық деректер базасында жүргізілді. Барлығы 325 әдеби дереккөз табылып, оның 89-ы талдауға іріктеліп алынды.
Нәтижесі: Бүгінгі күні COVID-19 клиникалық тәжірибеде клиникалық көріністерінің кең ауқымын көрсетеді, бейсимптомдық формадан ,ауыр ағымына дейін. агрессивті қабыну реакциясына байланысты. COVID-19 ауырлығы цитокиндік дауылмен байланысты екенін және өлімнің басты себебі болуының көрсететін клиникалық дәлелдер бар. COVID-19 ауруы кезінде иммундық жүйенің гиперактивациясы қабынуға қарсы цитокиндер деңгейінің күрт артуына әкеледі – цитокиндік дауыл сипатталады жүйелі қабынумен, гиперферритинемиямен, жедел респираторлық дистресс-синдроммен, жүйелі қабыну реакция синдромымен, гемодинамикалық бұзылулармен, тромбозбен, диссеминирленген тамырішілік коагуляция, өкпенің зақымдануы және т.б. көптеген мүшелердің жеткіліксіздігімен, өмірге қауіп төндіретін болжамы нашар.
Қорытынды: SARS-CoV-2 инфекциясынан туындаған цитокиндік дауыл өкпе жарақатының орталық медиаторы болып табылады және нәтижесінде өмірге қауіп төндіретін асқынуларды тудыруы мүмкін. Біз лейкоциттердің және цитокиндердің бірнеше өзгерістерін ұсынамыз, олар жеңіл және ауыр жағдайларда COVID-19-ның ертеден жоғары деңгейге дейін дамуы мен ауырлығын анықтауға көмектеседі.
Көрген адамдардың саны: 379
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Есенбаева А.А., Мусажанова Ж.Б., Казымов М.С., Апсаликов Б.А., Сайдуалиев Д.Н., Шалгумбаева Г.М., Козыкенова Ж.У., Крыкпаева А.С., Хамитова М.О., Масабаева М.Р. КОВИД-19 ауырлық дәрежесінің иммунопатогенетикалық негіздері. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 93-102. doi 10.34689/SH.2022.24.2.012Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW