Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІБИ ЖӘНЕ ӘУЕСҚОЙ СПОРТШЫЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кіріспе: Кәсіби спортшылар мен әуесқой спортшыларға медициналық көмек көрсету кезінде спорт дәрігерлері де, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дәрігерлер де допингке қарсы белгілі бір білімге ие болуы керек. Мақсаты: Негізгі допингке қарсы халықаралық стандарттар бойынша: ұлттық командалардың және балалар спорт мектептерінің спорт дәрігерлеріне, спорттық медицина орталықтары мен фитнес клубтарының дәрігерлеріне, сондай-ақ жалпы тәжірибелік дәрігерлерге арналған ғылыми әдебиеттік деректерді шолу болды. Іздеу стратегиясы: Тиісті ақпаратты іздеу және талдау: допингке қарсы саясат ережелері, дерекқорлар және электрондық ғылыми кітапханада: Pubmed, Cochrane Library, Scopus, Google Scholar, eLIBRARY, Cyberleninka. Зерттеудің тереңдігі 20 жыл болды. Нәтижелер: Бұл шолу қазіргі таңда спортта қолданылып жүрген фармакологиялық препараттардың түрлілігі оларды жүйелеуді, әсер ету механизмдерін зерттеуді және қолданудың негізгі принциптерін анықтауды қажет етеді және әлемдік деңгейде зерттелетін өзекті мәселе болып табылатынын көрсетті. Талдау нәтижелері спорттық фармакологияны одан әрі зерттеу қажеттілігін де көрсетті. Қорытынды: Дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандары спортшылардың өмірінде маңызды рөл атқарады. Спортшыларға медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктерін білу және түсіну өте маңызды. Дәрілік заттар мен тағамдық қоспаларды тағайындау кезінде допингке қарсы ережелерді бұзудың ықтимал қауіптерін білу қажет. Спортшыға қандай да бір дәрі-дәрмекті тағайындамас бұрын, спортта тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру маңызды.
Көрген адамдардың саны: 232

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Нысанбаева К.С., Абдулла В.А., Бакашева М.К., Абдушукурова Г.З., Фаизова Р.И., Доминик С., Глушкова Н.Е. Допингке қарсы бағдарлама жағдайында кәсіби және әуесқой спортшыларға медициналық көмек көрсетудің кейбір мәселелері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 112-122. doi 10.34689/SH.2022.24.2.014

Авторизируйтесь для отправки комментариев