ГЛАУКОМАМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖҮЙЕЛІК ЕМЕС ШОЛУЫ
Кіріспе: Глаукома әлемнің экономикалық дамыған елдерінде еңбекке қабілетті жастағы науқастардың мүгедектігінің себептерінің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде глаукомамен ауыратын 105 миллионға жуық адам бар. Таралу көрсеткішінің жоғары болуы, науқастар санының тұрақты өсуі, ерте анықтаудың қиындығы, емдеу мен бақылаудың күрделілігі, мүгедектіктің жоғары деңгейі және көру қабілетінің нашарлығы немесе соқырлық салдарынан науқастардың өмір сапасына кері әсерінен глаукома - қазіргі қоғам мен офтальмологиялық қызметтің маңызды медициналық-әлеуметтік міндеттерінің бірі болып отыр. Жүргізілетін офтальмологиялық тексерулер глаукомалық пациенттердің өмір сүру сапасын - олардың қоршаған ортада көру бағдарына және көрумен байланысты күнделікті қызметтің әртүрлі түрлерін орындауға қабілеттілігін, сондай-ақ көру сапасына қанағаттанушылығын бағалауға мүмкіндік бермейді. Глаукомамен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын зерттеу аурудың даму динамикасы туралы ақпарат бере алады, емдеудің тиімділігі мен төзімділігіне, мүмкін асқынулардың дамуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты: глаукомамен ауыратын науқастардың өмір сапасы туралы әдебиет деректеріне шолу жасау болып табылады.
Іздеу стратегиясы: жарияланымдарды іздеу стратегиясы e-Library, Pubmed, Web of Science, Scopus, Google Scholar дерекқорларында индекстелген зерттеу тақырыбы бойынша әдебиет көздерін іздеуді қамтыды. Әдебиеттік шолуды құрастыру үшін 2000 жылдан 2021 жылға дейінгі басылымдар зерттелді, түпнұсқа тілі: ағылшын және орыс тілдері. Барлығы 153 жарияланым талданды, оның ішінде 65 мақала зерттеу мақсатына сәйкес келді.
Нәтижесі: Біздің зерттеуіміздің нәтижелері бойынша көптеген жарияланымдар глаукомамен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы көптеген себептерге байланысты нашарлауы мүмкін: көру қабілетінің жоғалуы, күнделікті емдеудің күрделілігі, жанама әсерлері және емдеу құны; көру қабілетіне қауіп төндіретін созылмалы аурумен байланысты алаңдаушылық пен қорқыныш және оқу, көлік жүргізу, серуендеу, қашықтықты бағалау және сыртқы жағынан жақындаған заттарды бақылау сияқты пациенттің күнделікті қызметіне қауіп төндіруі мүмкін. Глаукоманы көру функциясының қайтымсыз үдемелі төмендеуіне және соқырлыққа әкелетін ауыр созылмалы ауру ретінде қарастыра отырып, оның сауалнамасына негізделген науқас жағдайының субъективті компонентінің маңыздылығын атап өткен жөн. Бұл көру тек кеңістікте бағдарлауды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар адамның әлеуметтік және эмоционалдық әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан глаукомамен ауыратын науқастарда көру функциясының бұзылуы өмір сапасының барлық көрсеткіштеріне теріс әсер етеді.
Қорытынды: Глаукоманы ерте анықтау көру функциялары мен өмір сүру сапасын сақтау үшін клиникалық емдеудегі маңызды міндет болып табылады. Ерте сатыдағы глаукомамен ауыратын науқастар көбінесе асқынған кезеңге өткенге дейін диагноз қойылмайды. Бұл әдеби шолуда аталған диагнозбен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын сақтау үшін глаукоманы уақтылы диагностикалау маңыздылығы атап өтіледі.
Көрген адамдардың саны: 273
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Таушанова М.К., Ермуханова Л.С., Байсугурова В.Ю., Борщук Е.Л., Тажбенова C.Т., Абдикадирова И.Т. Глаукомамен ауыратын науқастардың өмір сапасын зерттеудің жүйелік емес шолуы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 123-131. doi 10.34689/SH.2022.24.2.015Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ