ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕПРЕССИЯ МЕН СУИЦИДТІҢ АЛДЫН-АЛУЫ БОЙЫНША МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Өзектілігі Алдын алу бағдарламаларын іске асыру үшін мектеп жүйесін пайдалану жастарды қамтудың табиғи және қолжетімді тәсілін қамтамасыз етеді. Қазақстанда да, басқа елдерде де жүргізілген зерттеулер суицид жасаған жасөспірімдердің кемінде 90% - ында депрессия белгілері болғанын көрсетеді. Суицид жасөспірімдер арасындағы сыртқы себептерден өлімнің жетекші себептерінің бірі болып табылады.
Бұл әдеби шолудың мақсаты 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде мазасыздық-депрессиялық бұзылулардың алдын-алу бағдарламаларын бағалау мүмкіндіктері мен әдістеріне талдау жасау болып табылады.
Іздеу стратегиясы: Әдебиетке шолу 2021 жылы жасалды. Материалдар жиынтығы келесі базалар бойынша жүргізілді: MEDLINE/ PubMed, SCOPUS, Web of Science, PsycINFO. Iздеу ауқытының ауқумдылығы 10 жыл, 2010-2020 жыл арасында. Зерттеудің әртүрлі әдіснамасын ескере отырып, шолу баяндау сипатында болады. Нәтижелер осындай бағдарламалардың қалыпты, бірақ нақты профилактикалық әсерін көрсетті. Алдын алу бағдарламалары өз-өзіне қол жұмсау деңгейіне әсер ету стратегиясын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Нәтижелер: мақалада әртүрлі ортада және әдістемелерде жүргізілетін мазасыздық-депрессиялық бұзылыстарды анықтау және олардың алдын алу бойынша жасөспірімдерге арналған әмбебап профилактикалық бағдарламалар қамтылған. Бағдарламалар Қазақстанда, ТМД, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Австралия елдерінде жүзеге асырылады. Жасөспірімдерге арналған профилактикалық бағдарламалардың ең ірі жобалары (SEYLE, LARS / LISA, Op Volle Kracht, SPARX) нақты егжей-тегжейлі сипатталған, оларды жүзеге асыру ерекшеліктері, оң және теріс салдары, іске асыру қиындықтары. Алдын алу бағдарламалары жасөспірімдерді бұзылуларымен анықтауға және кейінгі тексерулерде симптомдарды азайтуға, денсаулық сақтау саласына жүктемені азайтуға, ауруханаға жатқызу мен емдеу жиілігін азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай бағдарламалардың кемшіліктері қоғамдық және саяси ортада қолдаудың қажеттілігі, қаржылық шығындар, көптеген мамандарды тарту және нәтижені сақтау үшін ұзақ уақыт қолдану қажет.
Қорытынды алдын-алу бағдарламалары суицид деңгейіне әсер ету стратегиясын жоспарлауға мүмкіндік береді, бірақ оларды бағалау қиын, зерттеу әдістемелері әртүрлі, бағалаудың қолайлы әдісі жоқ, зерттеулердің мерзімі мен араласуды бағалау мерзімі анықталмаған, болашақ зерттеушілер ескеруі керек.
Көрген адамдардың саны: 426
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Садовская А.А., Негай Н.А. Жасөспірімдерде депрессия мен суицидтің алдын-алуы бойынша мектеп бағдарламаларының тиімділігін бағалау. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 156-166. doi: 10.34689/SH.2022.24.2.019Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ