ДИАФРАГМАЛАРДЫ БОСАҢСЫТУДЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ
Кіріспе. Диафрагма релаксациясының пайда болуының басты себебі оның иннервациясының бұзылуында жатыр, ол диафрагмальды нервке өтіп кететін көкірек қуысының қатерлі ісігі кезінде жиі кездеседі. Барлық диафрагма күмбезінің релаксациясы кезінде, белсенді қимыл қозғалыс әрекеті толықтай бұзылады. Диафрагма плевральды қуысқа ығысып, өкпе көлемінің кішіреюіне, рестриктивті синдромға, тұрақты гипоксемияға алып келеді. Осының әсерінен ішкі ағза мүшелері солдан жоғарыға ығысып, кекірік пен қыжыл тудырады, плевральды қуысқа ығысқандай. Клиникасы тамақтанғаннан кейін күшейе түседі, науқас жүрек қағысының қарқындылығын сезе бастайды, яғни ол жүрек жұмысының бұзылысына меңзейді, тіпті аритмияға да алып келуі мүмкін.Хирургтың алдын келесідей міндет тұрады: диафрагма күмбезіне хирургиялық түзету енгізу, ол диафрагманың парадоксальды қозғалысын басады және науқасты қалыпты өмірге және жұмысына әкеледі.
Мақсаты: Барнауыл өаласының «№5 қалалық ауханасында» торакальды хирургия бөлімі ішінде жаңа хирургиялық әдістердің мүмкіншіліктерін қолдана отырып диафрагма релаксациясының емінің нәтижесін көрсету.
Зерттеудің материалдары: средостенияға 13 жыл бұрын жасалған операциядан кейін пайда болған екі диафрагмалық күмбездің релаксациясының клиникалық көрінісі берілген. Авторлық әдіспен арасы бір жыл интервалмен пластика жасау арқылы екі диафрагмалық күмбезге операция өтккізілді.
Нәтижесі: диафрагма жапырақтары арасына синтетикалық протездердің орналасуы және П-тәрізді тігіс, барлық диафрагма күмбезінің релаксациясы бар науқастарда ең тиімді әдіс болып келеді. Берілген клиникалық мысалда авторлыө әдіспен жаслаған диафрагма релаксациясының пластикасы операциядан кейінгі уақытта және одан кейінгі ұзақ уақытта жақсы нәтиже көрсетті.
Қорытынды: Диафрагма релаксациясын емдеуде бейнеленген авторлық әдіспен жасалған П-тәрізді тігіс және аралық синтетикалық протез дан кейінгі уақытта және одан кейінгі ұзақ уақытта жақсы нәтиже көрсеттіп, ары қарай ауқымды науқастар көлеменді зерттеуді көздейді.
Көрген адамдардың саны: 334
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Фокеев С.Д., Капитулин С.Ю., Казанцева Е.С.,. Капитулина Э.К., Сыздыкбаев М.К., Халелов С.Г., Шавровский А.А. Диафрагмаларды босаңсытуды хирургиялық емдеудің жаңа әдісі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2(Т.24). Б. 211-216. doi 10.34689/SH.2022.24.2.026Ұқсас жариялымдар:
EXTRAPULMONARY TUBERCULOSIS IN A KAZAKH PATIENT WITH MIXED CONNECTIVE TISSUE DISEASE. СLINICAL CASE
THE EFFECT OF STEROID THERAPY ON BONE TISSUE IN RHEUMATIC DISEASES (DESCRIPTION OF A CLINICAL CASE)
A CLINICAL CASE OF ECHINOCOCCOSIS OF THE SPINE
DRUG-INDUCED LIVER DAMAGE. CLINICAL CASE
КЛИНИЧЕСКОЕ НАБЛЮДЕНИЕ БОЛЕЗНИ БЕХЧЕТА У ЖЕНЩИНЫ 36 ЛЕТ