ТӨМЕН ДЕНЕ САЛМАҒЫМЕН ЖЕТІЛМЕЙ ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕДЕГІ ТУА БІТКЕН ПНЕВМОНИЯНЫҢ ҚОЛАЙЛЫ НӘТИЖЕЛІ ЖАҒДАЙЫ
Өзектілігі: Жыл сайын әлемде шамамен 15 миллион жаңа туған нәресте шала туылады, орташа есеппен бұл әрбір оныншы бала. Қазіргі уақытта көптеген елдер шала туылған нәрестелер арасындағы өлімді азайту үшін шаралар қабылдауда. Мысалы, АҚШ – тың Айова университетінің тізілімінде Токио перзентханасында туылған, салмағы 268 г бала - бұл жапондық нәресте әлемдегі ең кішкентай салмақпен дүниеге келген бала ретінде ресми түрде тіркелді. Алдыңғы рекорд 2009 жылы туылған Германиядан туылған балаға тиесілі болатын – оның салмағы 274 грамм болды. Одан кейін салмағы 252 грамм болатын әлемдегі ең кішкентай қыз Германияда дүниеге келген еді. Қазіргі заманғы медицина тарихында бұндай 23 жағдай тіркелген, салмақтары 300 г-нан аз аман қалған нәрестелер, олардың он тоғызы қыздар, төртеуі ұлдар. Біз сипаттаған жағдай ерекше, себебі салмағы 470 грамм болатын нәресте туа біткен пневмониямен туылған және сәтті үйіне шығарылған. [24].
Мақсаты: Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруінің клиникалық көріністерін және шала туылған нәрестелердегі туа біткен пневмонияның мүмкін нәтижелерін ұсыну.
Материалдар мен әдістер: Ретроспективті талдау. Бұл клиникалық жағдай дене салмағы өте төмен науқастың медициналық тарихы негізінде сипатталған. Клиникалық және зертханалық көрсеткіштердің тән өзгерістері сипатталған, диагнозы бар қызда: туа біткен пневмония, ауыр дәрежелі ауырлықта. Респираторлық стресс синдромы, ауыр ағымды. Гестациялық жасы 25 апта және 5 күн.
Қорытынды: Дене салмағы өте төмен (470 грамм) шала туылған нәресте Перинаталды орталықта болды, онда 124 күн ішінде емдеу мен күтім, мамандандырылған көмек алды. Терең жетілмегендігіне және ерте жетілуіне қарамастан, бұл жағдай қолайлы нәтиже береді. Тірі қалған шала туылған нәрестеде бронхопульмональды дисплазияның, анемияның дамуы байқалды, болашақта бұл жағдайлар баланың өмір сапасына әсер етеді. Динамикада бала қанағаттанарлық жағдайда, салмағы 2003г болып үйге шығарылды. Қазіргі медицинада бұл ерекше жағдай, дене салмағы өте төмен шала туылған нәрестелердегі туа біткен пневмонияны одан әрі егжей – тегжейлі зерттеу және медициналық университеттердің студенттері мен неонатолог-реаниматолог дәрігерлерінің қызығушылығын тудыруы мүмкін. Және аралас мамандық дәрігерлері үшін қажет.
Көрген адамдардың саны: 1042
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Тайоразова Г.Б., Алимбаева А.Р., Танатаров С.З., Смаилова Ж.К., Лобанов Ю.Ф. Төмен дене салмағымен жетілмей туылған нәрестедегі туа біткен пневмонияның қолайлы нәтижелі жағдайы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 225-232. doi 10.34689/SH.2022.24.2.028Ұқсас жариялымдар:
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ АУРУХАНАДАН ТЫС ПНЕВМОНИЯ. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ.
SINOVAC-CORONAVAC (ҚЫТАЙ) ПРЕПАРАТЫМЕН COVID-19 ВАКЦИНАЦИЯСЫНАН КЕЙІНГІ АУТОИММУНДЫ АСҚЫНУЛАР ЖАҒДАЙЫ
БАЛАЛАРДА АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫНЫҢ ЭОЗИНОФИЛЬДЫ ЗАҚЫМДАНУЫ. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ.
БАЛАЛАРДА ӨКПЕ ҚУЫСЫН ДРЕНАЖДАУ ҮШІН ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
УСТЕКИНУМАБ: ПСОРИАЗДЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ГЕНДІК - ИНЖЕНЕРЛІК БИОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТ-КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ