ЖЕДЕЛ ГИПОКСИЯДА ТУЫЛҒАН МАКРОСОМИЯСЫ БАР НӘРЕСТЕДЕ НЕЙРОПРОТЕКТОРЛЫҚ ЕМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Өзектілігі: Интранатальды ұрықтың гипоксиясы неонаталдық кезеңдегі маңызды өзекті мәселелердің бірі және жаңа туған нәрестелердегі гипоксиялық-ишемиялық бас миының зақымдануының жиі себебі болып табылады. Уақытында аппараттық терапиялық гипотермия оң нейропротекторлық әсерге ие және оның оң әсерлері оның ықтимал асқынуларынан қорғайды. Біздің көрсетіп отырған жағдайда ерте неонаталдық кезеңде қышқыл-негіздік күйі (рСО2, BE, рН, лактат деңгейі) деректерін тез тұрақтандыра алдық, сондай-ақ ӨЖЖ-де болу ұзақтығының төмендеуіне қол жеткіздік, сол арқылы НЖСБ-де (Нәрестелердің Жансақтау Бөлімінде) емдеуге жатқызу ұзақтығын азайттық. Біздің науқас өмірінің 4-ші күнінде экстубацияланады, 5-ші күні НЖС бөлімшесінен ауыстырылды.
Мақсаты: Ауыр асфиксияда туылған ұрықтың макросомиясы жағдайында терапиялық гипотермияны қолданудың тиімділігін ұсыну: клиникалық көріністер, зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі және мүмкін нәтижелеріне сүйену.
Материалдар мен әдістер: Ретроспективті талдау. Бұл клиникалық жағдай ауыр асфиксияда туылған үлкен салмағы бар нәрестенің даму тарихы негізінде сипатталған.
Нәтижелері: Осы клиникалық жағдайдың сипаттамасында ауыр дәрежелі асфиксия. Үлкен салмақты нәресте. Ауыр дәрежедегі гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия. Жаңа туылған нәрестенің тырысуы диагнозы бар жаңа туған балада клиникалық және зертханалық көрсеткіштердің тән өзгерістері келтірілген.
Қорытынды: Клиникалық жағдай 2021 жылы Семей қаласының Перинаталдық орталығында болды. Жаңа туған нәрестеге тұрақтандыру шаралары жүргізілді, одан кейін қарқынды терапия басталды: инвазивті респираторлық қолдау, 72 сағат ішінде терапиялық гипотермия, метаболикалық бұзылыстарды түзету, сондай-ақ басқа да зертханалық өзгерістер. Жүргізілген қарқынды терапия аясында бала одан әрі жүргізу үшін жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған балаларды күту бөлімшесінде (ЖБЖ және ІНҚ) 5 тәулікке ауыстырылды.
Көрген адамдардың саны: 290
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Аильбаева Н.М., Алимбаева А.Р., Танатаров С.З., Смаилова Ж.К., Лобанов Ю.Ф. Жедел гипоксияда туылған макросомиясы бар нәрестеде нейропротекторлық емді қолданудың практикалық аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 233-239. doi 10.34689/SH.2022.24.2.029Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ