ГЕПАТОЦЕЛЛЮЛЯРЛЫҚ КАРЦИНОМАНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өзектілігі: Гепатоцеллюлярлық карцинома (ГЦК) - бауырдың ең жиі кездесетін бастапқы қатерлі ісігі. ГЦК бүкіл әлемде ерлер арасында обырдың таралуы бойынша бесінші және әйелдер арасында жетінші орында және әлемде обырдан өлімнің екінші жетекші себебі болып табылады. Қазақстанда ГЦК онкологиялық аурулар құрылымында 10-шы орынға ие.
Зерттеу мақсаты: «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ жағдайында бауыр қатерлі ісігі бар науқастарға көмек көрсетудің ұйымдастырушылық және клиникалық ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Ретроспективті зерттеу. "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-да «Бауыр қатерлі ісігі» диагнозы қойылған науқастардың стационарлық карталары. 2012 жылдан 2020 жылға дейінгі деректер IBM SPSS Statistics 20 статистикалық бағдарламасында өңделген. Талдау үшін келесі айнымалылар қолданылды: сапалық (аурулар тарихы, фиброз кезеңі) және сандық (жас, ауруханада болу ұзақтығы, билирубин деңгейі, дене салмағының индексі).
Айырмашылықтарды тексеру үшін Пирсонның хи-квадрат сынағы қолданылды. Категориялық немесе номиналды айнымалыларды салыстыру үшін хи-квадрат тесті қолданылды. P ≤ 0,05 кезінде айырмашылықтар статистикалық маңызды деп саналды. Біз корреляциялық талдауды пайдалана отырып, ГЦК бар науқастарда жалпы билирубиннің үздіксіз айнымалылары мен BMI арасындағы байланысты бағаладық.
Зерттеу нәтижелері: 2012 жылдан 2020 жылға дейінгі зерттеу нәтижелеріне сәйкес "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ жағдайында АХЖ-10 "С22.0 Бауыр қатерлі ісік" диагнозымен 183 науқас стационарлық ем алған. Стационарда болудың орташа ұзақтығы 12 төсек-күнін құрады. ГЦК - мен ауыратын науқастардың орташа жасы 61,67 ±8.928 (ДИ 95%: 59.84-63.50) құрады. Науқастардың арасында ГЦК дамуының негізгі себебі анамнезінде В,С және дельта-агенті бар В гепатитінің болуы байқалады. Билирубин деңгейі жоғары науқастарда дене салмағының төмен индексі байқалады. Негізінен соңғы жылдары "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-да ГЦК-мен ауыратын науқастарға трансартериалдық химиоэмболизация (ТАХЭ) қолданылады.
Қорытындылар: "А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-да 2012-2020 жылдары ГЦК диагнозымен клиникалық-шығынды топтар бойынша төсек-күндердің орташа көрсеткіші 12 төсек-күнін құрады. Зерттеу барысында бауыр-жасушалық жетіспеушілігінің дамуымен және кейінгі жасуша некрозымен байланысты дене салмағының индексі мен билирубин деңгейі арасындағы байланыс анықталды.
Көрген адамдардың саны: 236
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Серікұлы Е., Смаилова Д.С., Тен И.А., Ильясова Б.С., Нурбакытқызы А., Баймаханов Ж.Б., Скакбаев А.С., Каниев Ш.А., Досханов М.О., Сейсембаев М.А., Баймаханов Б.Б. Гепатоцеллюлярлық карциноманың клиникалық ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 36-41. doi 10.34689/SH.2022.24.3.005Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ