УНИВЕРСИТЕТТІК ГОСПИТАЛДІҢ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БӨЛІМШЕСІНІҢ СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЛІМ-ЖІТІМ ҚҰРЫЛЫМЫ, СЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН
Ауруханаларда өлім-жітім мен сырқаттанушылықты шолу емнің әсерін бағалау және өлім-жітімнің пайда себебін түсіну үшін қажет. Семей қаласының Медициналық университетінің госпиталінің балалардың жедел жәрдем бөлімшесінде өлім-жітім мен сырқаттанушылық зерттелді.
Зерттеу міндеттері: Семей қаласының медициналық университетінің университеттік госпиталіне жатқызылған және емделген Семей қаласының тұрғындарының өлім-жітім мен сырқаттанушылық құрылымын талдау.
Зерттеу әдістері: 3 жыл ішінде балалар мен жасөспірімдерді қабылдауды сипаттайтын зерттеу жүргізілді. Алынған ақпарат жас, жыныс, диагноз және нәтижені қамтиды. Статистикалық өңдеу SPSS 21 нұсқасы бағдарламасымен жүзеге асырылды.
Нәтижелер: Осы зерттеу кезеңінде 2016 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін жасы 1 айдан 180 айға дейінгі барлығы 44549 бала қабылданды. Жедел жәрдем бөліміне жатқызуды талдау барлық тіркелген науқастардың төрттен бір бөлігі ғана ауруханаға жатқызылғанын көрсетті. 2016-2019 жж. стационар өлімінің талдауы тиісінше 0,21%-дан 0,29%-ға дейін құрады. Өлімнің негізгі себебі туа біткен ауытқулар, қатерлі ісік және пневмония болды.
Қорытынды: Бұл талдау барлық деңгейде балаларды күту жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтады.
Көрген адамдардың саны: 221
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Месова А.М., Санбаев М., Пивина Л.М., Ердал Р., Джамединова У. Университеттік госпиталдің педиатриялық жедел жәрдем бөлімшесінің сырқаттанушылық және өлім-жітім құрылымы, Семей, Қазақстан // Наука и Здравоохранение. 2022. 3(Т.24). С. 55-59. doi 10.34689/SH.2022.24.3.008Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ