Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
"ҚАЗАҚСТАН АЛЮМИНИЙІ" АҚ ПАВЛОДАР АЛЮМИНИЙ ЗАУЫТЫ ОБЪЕКТІЛЕРІ ОРНАЛАСҚАН ӨҢІРДЕ ТҰРАТЫН ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АУРУ ҚАУПІН БАҒАЛАУ
Кіріспе: Қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіп кәсіпорындары қалдықтарының теріс әсері және халық денсаулығына қауіп төндіретін зерттеулер ерекше маңызға ие. Аталған зерттеудің мақсаты-Павлодар қаласы тұрғындарының денсаулығына атмосфералық ауаның басым ластаушыларының әсерін бағалау. Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизайны ұзақ мерзімді кросс-секциялық болды. Халық денсаулығына қауіпті бағалау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалдарының зертханалары орындаған Павлодар қаласының атмосфералық ауасының химиялық ластану деңгейлерін зерттеу нәтижелері пайдаланылды. Соңғы 3,5 жылдағы деректер талданды (2018 жылдан бастап 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі кезең аралығында). "Қазгидромет" РМК жыл сайынғы ақпараттық бюллетенінде ұсынылатын Павлодар қаласының атмосфералық ауасындағы химиялық заттардың нақты деректерінен тәуекелді бағалау жүргізілді. Зерттеу "Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы" арқылы жүргізілді. ИРН OR12165486 (С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) жобасы шеңберінде орындалды. Студенттердің t-критерийін, корреляция коэффициентін және салыстырмалы қауіп-қатерін қолдана отырып, көрсеткіштерді, олардың қателіктері мен түпнұсқалығы есептеу материалдың статистикалық өңдеуінің құрамына кірді. Нәтижелері: Тыныс алу мүшелерінің ауруларынан, ісіктерден және қан айналымы жүйесінің аурулары салдарынан өлімнің жоғары көрсеткіштері анықталды. Павлодарда барлық аурулармен, респираторлық аурулармен, ісіктермен, жүрек-қан тамырлары патологияларымен және жүйке жүйесі ауруларымен халықтың біріншілік сырқаттанушылық көрсеткіштері республикалық деңгейден жоғары болды. Қорытынды: Денсаулық үшін қауіптілік коэффициенттерінің жоғары мәндері өлшенген заттарда (шаңда)тіркеледі, жалпы алғанда PM2,5 және PM10 барлық жылдар аралығында анықталды. Қауіптілік коэффициенттерінің неғұрлым жоғары мәндері тыныс алу органдарына әсер ету бағыты бойынша жиынтықтау әсері кезінде жедел және созылмалы ингаляциялық экспозициялар кезіндегідей тіркеледі. Қаланың атмосфералық ауасының PM2,5 қалқыма бөлшектерімен ластану факторларының әсерінен болатын өлім деңгейіне жүргізілген есептік бағалау нәтижелері бойынша жарақаттанбайтын өлім деңгейі (1*10-3-тен астам) және жүрек-өкпе ауруларынан болатын өлімнің деңгейі (1 * 10-4-тен астам, 1 * 10-3-тен кем) анықталды, бұл олардың қала тұрғындары үшін қолайсыз екендігін түсіндіріп, жоспарлы сауықтыру іс-шараларын өткізуді талап етеді.
Көрген адамдардың саны: 175

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Имашева Б.С., Аскаров К.А., Имашев М.С., Керейбаева А.Н., Токбергенов Е.Т., Куатбаева А.М. "Қазақстан алюминийі" АҚ Павлодар алюминий зауыты объектілері орналасқан өңірде тұратын халықтың денсаулығына байланысты ауру қаупін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 66-77. doi 10.34689/SH.2022.24.3.010

Авторизируйтесь для отправки комментариев