СҰЛУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА В ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТ ТУРАЛЫ ХАБАРДАР БОЛУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
Кіріспе. Вирустық гепатиттермен сырқаттану Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Ресми дереккөздердің деректері бойынша бүгінгі күні диспансерлік есепте В вирустық гепатитімен ауыратын 67000-нан астам адам тұрады, Қазақстанда В және С вирустық гепатиттерін анықтауға профилактикалық тексеру көптеген жылдар бойы сұлулық саласының, косметологиялық кабинеттердің қызметкерлері арасында жүргізіледі. Іс-шараларға қарамастан, В вирустық гепатиттерінің тез таралуы айтарлықтай өсу тенденциясына ие және көбінесе осы топтың осы саладағы санитарлық сауаттылығының жеткіліксіздігімен байланысты.
Мақсаты: В вирустық гепатиттерінің эпидемиологиясы және алдын-алу туралы білімі мен хабардар болу дәрежесін бағалау.
Материалдар мен әдістері. Бұл көлденең сипаттамалық зерттеу 2021 жылы Нұрсұлтан сегіз ауданында жүргізілді. Сауалнамада инфекцияның берілу жолдары, алдын-алу, вакцинация және емдеу туралы сұрақтар болды. Деректер бақылау тізімі мен сауалнаманы толтыру арқылы жиналды және MS Excel 2015 бағдарламалық жасақтамасының көмегімен талданды.
Нәтижелері. Енгізілген респонденттердің жалпы саны 18-ден 55 жасқа дейінгі 103 адамды құрады. Таралуының негізгі себептері анықталды: өз денсаулығына бей-жай қарамау, медициналық тексеруден тұрақты емес өту (47%), медициналық кітапшаның болмауы (28%), көп реттік құралдарды толық дезинфекцияламау (16%).
Тұжырымдар: Пайда болу қаупін арттыратын факторлар туралы хабардар болуды арттыру үшін санитарлық - ағарту, ақпараттық – білім беру іс-шараларын жүргізу және жетілдіру қажет. Жүргізу әдістерінің негіздері біз ұсынған ұсынымдарда көрсетілген.
Көрген адамдардың саны: 179
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Тургамбаева А.K., Саусакова С.Б., Имашпаев Д.М., Тебенова К.С., Асселах Т. Сұлулық саласындағы қызметкерлер арасында В вирустық гепатит туралы хабардар болу деңгейін анықтау // Наука и Здравоохранение. 2022. 3(Т.24). С. 88-94. doi 10.34689/SH.2022.24.3.012Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ