Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СОЛ ЖАҚ ТӘЖ АРТЕРИАЯСЫ БАҒАНЫ МЕН КӨПТIК ТӘЖ АРТЕРИЯЛАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ БАР ЖҮРЕКТIҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДАҒЫ МИОКАРДТЫҢ РЕВАСКУЛЯРИЗАЦИЯ НӘТИЖЕЛЕРІ. ӘДЕБИЕТ ШОЛУ.
Кіріспе: Жүрек -қан тамырлары аурулары, әсіресе жүрек ишемиялық ауруы (ЖИА) бүкіл әлемде өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Соңғы онжылдықтарда ЖИА-дан болатын өлім -жітімді төмендетуде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Дәрілік терапияның (ДТ) дамуы мен жетілдірілуімен қатар, коронарлық реваскуляризация әдістерінің пайда болуы, атап айтқанда коронарлық артериялық шунттау (АКШ) және тері асты коронарлық интервенция (ТІКИ), өткен соңғы жылдардағы медицинаның басты жетістіктерінің бірі болды. Ондаған жылдар бойы үздіксіз дамығаннан кейін екі рәсім де коронарлық артерия ауруларының дәстүрлі еміне айналды, ал коронарлық реваскуляризация түрінің коронарлық артерия ауруы бар науқастардың ұзақ өмір сүруіне әсері тұрақты пікірталастардың тақырыбына айналды. Мақсаты: АКШ мен ТІКИ нәтижелерін салыстыратын рандомизацияланған клиникалық зерттеулердің жарияланған нәтижелерін талдау және пациент үшін реваскуляризацияның әрбір стратегиясының ұзақ мерзімді салдарын бағалау. Іздеу стратегиясы: дереккөздерді іздеу Medline, Pubmed, Scopus және The Сochrane Library деректер базасында жүргізілді. Тарихи құжаттарды қоспағанда, іздеу тереңдігі 2010 жылдан 2021 жылға дейін 10 жыл болды. Іздестіру кезінде 75 дереккөз таңдалып алынып, талданды. Нәтижелер: сегіз рандомизацияланған бақыланатын зерттеулердің нәтижелері мен соңғы 10 жылдағы АКШ мен ТІКИ нәтижелерін салыстыратын бес мета-талдау нәтижелері бойынша талдау жүргізілді. Таңдалған стратегиялардың тиімділігін бағалау критерийлері зерттеулердің біріктірілген соңғы нүктелері болды - өлім, инсульт, миокард инфарктісінің дамуы және / немесе мақсатты коронарлық артерияның реваскуляризациясы. Қорытынды: ЖИА ұзақ мерзімді нәтижелерімен салыстырғанда көп сатылы коронарлық артериялық ауруы бар емделуші үшін АКШ жақсы өмір сүру көрсеткіштерімен байланысты. Сонымен қатар,ТІКИ сол жақ коронарлық артерияның алдыңғы қарыншалық тармағының проксимальды бөлігіне әсер етпестен бір немесе екі тамырдың зақымдануы бар емделушілер үшін АКШға тиімді балама болып табылады, сонымен қатар бағаналы коронарлық зақымданулары бар науқастарға да АКШ-мен салыстырғанда нашар нәтиже бермейді.. Зерттеулерде АКШ ең жақсы нәтижелерін тіркеуге қарамастан, реваскуляризацияның бір немесе басқа түрін таңдау әлі де даулы мәселе болып табылады және одан әрі кешенді зерттеуді қажет етеді.
Көрген адамдардың саны: 210

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Мадиева М.И., Арипов М.А., Гончаров А.Ю. Сол жақ тәж артериаясы бағаны мен көптiк тәж артерияларының зақымдалуы бар жүректiң ишемиялық ауруына шалдыққан науқастардағы миокардтың реваскуляризация нәтижелері. Әдебиет шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 127-140. doi 10.34689/SH.2022.24.3.016

Авторизируйтесь для отправки комментариев