Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚПАНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ ҮШІН ЦИТОКИНДЕРДІҢ АНТИГЕН-СПЕЦИФИКАЛЫҚ ӨНІМІ БОЙЫНША ТЕСТТЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Кіріспе. Бұл шолу мақаласында белсенді және жасырын туберкулезді жұқпаның дифференциалды диагностикасы үшін патогенетикалық маңызды цитокиндік биомаркерлер қарастырылады. Мақсаты: Бұл шолудың негізгі мақсаты - белсенді туберкулез (БТ) және жасырын туберкулездік жұқпаның (ЖТЖ) дифференциалды диагностикасы үшін интерферон-гамма (IFN-γ) антигенспецификалық өнімі негізіндегі сынамалардан бөлек басқа да цитокиндердің антиген-спецификалық өніміне негізделген сынамалардың мүмкіндіктерін талдау болып табылады. Бұл талдау БТ мен ЖТЖ ажыратуда IFN-γ антигенспецификалық өніміне негізделген сынаманың (IGRA) шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты туындап отыр. Әдістер: Шолу ЖТЖ мен БТ-дің дифференциалды диагностикасы үшін диагностикалық құрал ретіндегі цитокиндердің антиген-спецификалық өніміне негізделген тесттердің мүмкіндіктерін зерттейтін мақалаларды анықтау мақсатында мәліметтердің электронды базасын (Google Scholar, PubMed, Scopus, Cochrane Library) қолдану арқылы жүргізілді. Іздеу тереңдігі 15 жыл, 2005 жылдан бастап 2020 жыл аралығын құрады. Қосу критерийлері: бір немесе бірнеше цитокиндердің дәстүрлі иммунды доминантты антигендермен (ESAT-6 мен CFP-10) және МБТ антигендері, соның ішінде фаза тәуелді антигендермен ынталандырудан кейінгі өнімін бағалайтын толық мәтінді мақалалар. Зерттеуде тек IFN-γ антиген-спецификалық өндірілуі қарастырылған, бақылау тобы жасырын туберкулездік жұқпаға тексерілмеген, цитокиндердің жалпы өнімін талдайтын және зерттеліп отырған циокиндердің дифференциациялаушы потенциалы анықталмаған мақалалар іздеуден алынып тасталды. Нәтижелер: Жеке және комбинацияда ең жиі зерттелетін цитокиндерге IFN-γ, ісік некроздаушы фактор альфа (TNF-α), интерлейкин-2 (IL-2), интерферон-индуцирлеуші нәруыз-10 (IP-10), интерлейкин-13 (IL-13), интерлейкин-10 (IL-10) жатады. Алынған нәтижелердегі айырмашылықтар цитокиндердің антиген-спецификалық өндірілу деңгейін бағалаудың әр түрлі зертханалық әдістемелеріне (инкубация уақыты, нәтижелерді есептеу форматы, концентрацияны есептеу формуласы және т.б.), зерттелетін популяцияның генетикалық ерекшеліктеріне, сонымен қатар әр түрлі иммунодоминанттылығы бар Mycobacterium tuberculosis-тің (МБТ) антигендерін пайдалануға байланысты болуы мүмкін. Қорытынды: Бірнеше цитокиндер ЖТЖ мен БТ дифференциалды диагностикасы үшін фазобелсенді биомаркерлер ретінде өз келешегін көрсетті. Сонымен қатар цитокиндердің комбинациясын пайдалану диагностиканы жақсартады. Дәл фазобелсенді цитокинді анықтау үшін цитокиндер өнімін бағалау әдістемелері мен МБТ ынталандырушы антигендер кешеніне арналған тәсілдерді жүйелендіру жасау қажет.
Көрген адамдардың саны: 202

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Тарабаева А.С., Абильбаева А.А. Белсенді және жасырын туберкулезді жұқпаның дифференциалды диагностикасы үшін цитокиндердің антиген-спецификалық өнімі бойынша тесттердің мүмкіндіктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 147-158. doi 10.34689/SH.2022.24.3.018

Авторизируйтесь для отправки комментариев