ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ПРОКСИМАЛЬДЫ БӨЛІГІ СЫНЫҚТАРЫНЫН ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІНІҢ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАСЫНЫН ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
Өзектілігі: тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің сынықтары көп жағдайда күрделі жарақат болып табылады, көптеген сүйек фрагменттеріне бөліну, айналмалы бұлшықеттердің тартылуына байланысты әртүрлі бағыттағы ығысу, тоқпан жілік басының сыну-шығуы жиі байқалады. Сондай-ақ, тоқпан жілік басынын қанмен қамтамасыз ететін тамырлар мен қолтықасты нервісінің зақымдануы жиі кездеседі. Бұл жарақаттардың жіктелуі және емдеу әдістері әлі жетілдірілуде. Бұл шолуда эпидемиология, жіктеу, диагностика, тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарын хирургиялық емдеудің әртүрлі әдістері сияқты сұрақтар ұсынылған.
Мақсаты: Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарынын диагностикасы мен заманауы хирургиялық ем әдістері туралы әдеби мәліметтерге талдау жасау.
Іздеу стратегиясы: PubMed, EMBASE, Web of Science, Cochrane Library, MEDLINE, Google Scholar, Сyberleninka және eLIBRARY электрондық кітапханасының деректер базалары мен web-ресурстарында ғылыми жарияланымдарды іздеу және талдау жүргізілді. Уақыт кезеңі 2014-2020 жылдар арасында белгіленді. Рецензияланған басылымдардың жарияланымдарына басымдық берілді. Бастапқы іріктеу нәтижесінде 391 әдеби дереккөз анықталды, олардың 95-і осы мақала үшін аналитикалық материалдың негізі болды. Зерттеуге енгізу критерийлері: рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы есептер, жүйелі шолулар мен мета-анализдер, диагностика және емдеу хаттамалары, ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалалар. Зерттеуге енгізбеу критерийлері: жеке хабарламалар, газет басылымдары, тезистер, анық емес қорытындылары бар мақалалар.
Нәтижелер мен қорытындылар: шетелдік және отандық авторлардың жарияланымдарын әдеби шолудың нәтижелері тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарын хирургиялық емдеудің "алтын стандартының" жоқтығын көрсетеді. Бүгінгі таңда хирургиялық емдеудің әртүрлі импланттары мен әдістері бар, бекітудің жаңа әдістері жасалуда. Бірақ тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің түрлі сынықтарынын барлығын тұрақты бекітетін бірыңғай әдіс жоқ. Остеосинтез және сынықтың бастапқы эндопротезін жақтаушылар арасында пікірталастар осы уақытқа дейін жалғасуда. Әрбір жарақат алғаннын жеке қасиеттерін ескеретін әмбебап емдеу алгоритмі әлі жоқ. Жоғарыда келтірілген мәліметтер тоқпан жіліктің проксимальды бөлігінің күрделі сынықтарын хирургиялық емдеудің жаңа әдістерін одан әрі іздеудің және әзірлеудің өзектілігін растайды.
Көрген адамдардың саны: 268
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Мусабеков А.С., Жунусов Е.Т., Тлемисов А.С., Токтаров Е.Н., Джунусов Т.Г., Каламов А.M. Тоқпан жіліктің проксимальды бөлігі сынықтарынын хирургиялық емінің және диагностикасынын заманауи әдістері. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 159-170. doi 10.34689/SH.2022.24.3.019Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ