БУЫНДЫ ЭНДОПРОТЕЗДЕУДЕН КЕЙІНГІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАР: ОҢТАЙЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
Кіріспе. Буындарды эндопротездеу дегенеративті буын аурулары бар науқастарды емдеудің тиімді әдісі және сұраныс жыл сайын артып келеді. Алайда, білікті реабилитациялық шараларсыз буынның функционалдық қызметі бұзылады.
Мақсаты: аяқ буындарының эндопротезден кейінгі оңалту шаралары туралы әдеби деректерді қарау және талдау.
Іздеу стратегиясы: Зерттеу жұмыстары Cochrane Library, PubMed және Wiley Online Library, Scopus, Web of Science, Google Scholar, CyberLeninka мәліметтер базасында жүргізілді. Зерттеулер осы мәліметтер базасынан келесі түйінді сөздерді қолдана отырып таңдалды: буын / остеоартрит / артропластика / оңалту. Іздеу тереңдігі 17 жылды құрады (2003-2020). Енгізу критерийлері: мақала, рандомизацияланған және когорттық зерттеулер; мета-анализдер, нормативтік құжаттар; эндопротездеу туралы ғылыми қауымдастықтың ұсыныстары және оңалту шаралары бойынша ағылшын және орыс тілдеріндегі басылымдар қарастырылды. Талдауға 83 басылым таңдалды.
Нәтижелер мен қорытындылар: эндопротездеуден кейінгі буынның қызметін қалпына келтіру өзекті мәселе. Пациенттер өздерінің өмір сүру сапасын, әлеуметтік және спорттық мүмкіндіктерін жақсартуы үшін реабилитациялық шаралардың маңызы жоғары. Алайда, бүкіл әлемде реабилитациялық шаралардың бірыңғай хаттамасы толық әзірленбеген.
Көрген адамдардың саны: 237
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Мағауина А.К., Құмар А.Б. Буынды эндопротездеуден кейінгі реабилитациялық шаралар: оңтайландырудың жаңа тәсілдері. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 171-181. doi 10.34689/SH.2022.24.3.020Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW