ӨКПЕ КӨК ТЕМЫРЛАРЫНЫҢ ТҰТАС АНОМАЛ ДРЕНАЖЫ ДИАГНОСТИКАСЫНДАҒЫ РАДИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Нәрестелерде туа біткен жүрек кемістігі барлық туа біткен кемістіктердің арасында 0,7-1,7% кездеседі. туа біткен жүрек кемістігі құрылымында өкпе көк темырларының тұтас аномал дренажы 1,1-3,0 құрайды.
Балалардың 60% өмірдің алғашқы айында жүрек ақауларынан және 25% -ы туылғанға дейін қайтыс болады.
ӨКТАД эмбриогенез кезінде сирек кездесетін даму ақауы, онда өкпе көк тамырларының бір бөлігі немесе барлығы, обструкциямен болмаса обструкциясыз, оң жақ жүрекшеге немесе жүйелік веналарға келіп жалғасады. Нәтижесінде шаршау, ентігу, өкпе артериялық гипертензиясы, цианоз және жүректің прогрессивті жеткіліксіздігі секілді белгілер пайда болады.
Бұл ғылыми шолуда жүректің жалғыз қарыншасы құрылымын диагностикалау кезіндегі эхокардиография, жүрек қуыстарының катетеризациясы, компьютерлік томография сияқты радиологиялық зерттеу әдістеріне салыстырмалы талдау жасалды.
Әдебиеттер тізіміне мета-талдау, жүйелі шолулар және клиникалық зерттеулерге негізделген 29 жарияланым, оның ішінде 1 отандық және 28 шетелдік автор кіреді.
Өкпе көк темырларының тұтас аномал дренажы жоғарғы өлімге себебші болады.
Обструкциясыз ӨКТАД бар науқастарда өмір сүру уақыты жоғарырақ болып келеді. Обструкциясыз түрінде өлім 3 айлығында 50%, ал 12 айлығында 80% құрайды. Обструкция кездескен жағдайда науқастар жаңа туған кезеңде қайтыс болады. ӨКТАД-пен туған нәресетелерде хирургиялық ем жасалмаса, қолайсыз болжам байқалады.
Тек бестен бірі ғана 1 жасқа дейін өмір сүреді. 3 айға дейінгі қаза тапқан науқастардың жартысында қайғылы жағдай туылғаннан соң бірінші аптасында байқалады. Бұл ақау кезіндегі ерте диагностика мен нақты анатомиялық көрініс кезеңді хирургиялық түзету үлкен рөл атқарады.
ӨКТАД-тың кейбір түрлері кезінде эхокардиография визуализация үшін жеткіліксіз болып келеді. Жүрек катетеризациясы КТ-ға қарағанда асқынулардың қалыптасуына тікелей тәуекел болып келеді.
Эхокардиография – бұл ӨКТАД-ты алғашқы анықтауға арналған әдеттегі әдіс, КТ – ақаулықтың операцияға дейінгі және кейінгі толық диагнозы үшін алтын стандарты болып есептеледi.
Жүректің катетеризациясы тек белгілі бір көрсеткіштер үшін және жастан жастан асқан пациенттер үшін, қарсы қайшылықтар болмаған жағдайда көрсетілген.
Көрген адамдардың саны: 195
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Бастарбекова Л.А., Рахимжанова Р.И., Даутов Т.Б., Бимахан А.Ж. Өкпе көк темырларының тұтас аномал дренажы диагностикасындағы радиологиялық зерттеу әдістері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 204-210. doi 10.34689/SH.2022.24.3.023Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ