Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ГЕПАТОЦЕЛЛЮЛЯРЛЫҚ КАРЦИНОМА МЫСАЛЫНДАҒЫ ГЕПАТОБИЛИАРЛЫҚ ЖҮЙЕ АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ МЕН ҚАУІП-ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ.
Кіріспе: Жаһанды болжамды болашақ тұрғысынан алғанда, ең басты міндеттердің бірі - гепатоцеллюлярлы карцинома(ГЦК) дамуын болдырмау. Қазіргі таңдағы, жалғыз тиімді стратегия- бұл вирусты гепатитті алдын-алу үшін, көптеген елдерде жаңа туған нәрестелерге вирусты В гепатитіне қарсы вакцинация егу арқылы жүзеге асырылып жатыр. Ішімдікті пайдалануды, вирусты С гепатитінің (HCV) таралуын, сондай-ақ метаболикалық синдромды алдын-алу өте маңызды. Халықтың қауіп- қатер факторларын алдын алу туралы білімін жақсарту ГЦК-ның дамуына жол бермейді. Зерттеу мақсаты: халықаралық тәжірибені зерттеу арқылы, бауырдың гепатоцеллюлярлы карциномасының таралуымен қауіп-қатерфакторларын зерттеу болып табылады. Іздеу стратегиясы: PubMed, Mendeley, Scopus, Web of Science, Google Scholar сияқты ғылыми жарияланымдардың және мамандандырылған іздеу жүйелерінің деректер базасын пайдалана отырып, 5 жыл ішінде көпшілікке қолжетімді, тереңдіктегі мақалалар зерделенді.Іріктеу критерийлері: А, В дәлелділік деңгейінің жарияланымдары: мета-талдаулар, жүйелі шолулар, когорттық және көлденең зерттеулер. Ерекшелік критерийлері:қысқа хабарламалар, жарнамалық мақалалар түріндегі сарапшылардың пікірі. Зерттеу нәтижелері: Жыл сайын бүкіләлемде гепатоцеллюлярлы карциномадан (ГЦК) 600,000-нан астам адам қайтыс болады. Бұл ауруды клиникалық және фармакологиялық тұрғыдан, сонымен қатар ресурстары шектеулі аймақтардағы науқастарға көмек көрсету тұрғысынан мұқият зерттеу қажет. ГЦК емдеу тәсілдері диагноз қою кезіндегі аурудың сатысына және емнің кешенді әдістерінің қолжетімділігіне байланысты. Дегенмен, соңғы сатыларда ауруды жүргізу мүмкін емес, қымбат және бастапқы "сапалы өмір сүру жылдарының" өсуіне тікелей байланысты. ГЦК-ға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін жоғары сапалы емдеу орталықтарын ашу керек. Жаңа препараттар- тиімділігі сезінетін науқастарға қол жетімсіз: ресурстары төмен елдерде сорафениб препаратын кең тәжірибеде қолдану мүмкін емес. Мысалы, осы препаратты бір айға тағайындаудың шамамен құны: Қытайда $7300, АҚШ-та $5400, Бразилияда $5000, Францияда €3562 және Оңтүстік Кореяда $1400 (N Engl J Med 2008;359:378-90; PMID 18650519). Қорытынды: Осылайша, гепатоцеллюлярлы карцинома мәселесі бойынша қолжетімді әдебиеттерге шолу арқылы- әртүрлі этиологиядағы гепатиттердің өсіп келе жатқан ауруының қолайсыз аясында, семіздік пен инсулинге тәуелді 2 типті қант диабеті жағдайында, әлемдегі жаңа ГЦК жағдайларының саны және сәйкесінше бауыржасушаларының қатерлі ісігінен болатын өлім-жітім көрсеткіші әлемнің басқа аймақтарында тек өседі деп болжамдауға болады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында бауырдың қатерлі ісігін ерте сатысында анықтауға арналған мемлекеттік бағдарлама ретінде ГЦК скринингі жоқ, олардың әрқайсысының маңыздылық дәрежесіне және зиянды әдеттермен өмір салты сияқты оларға әсер ету мүмкіндігіне қарай ГЦК даму қауіп факторларын түрлендіру бойынша бағдарлама жоқтың қасы.
Көрген адамдардың саны: 224

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Намазбаева Ж.Е., Смаилова Д.С., Серикулы Е., Умарова С.У., Кауышева А.А., Кульжанов М.К., Баймаханов Б.Б., Нурбакыткызы А.Н. Гепатоцеллюлярлық карцинома мысалындағы гепатобилиарлық жүйе ауруларының таралуы мен қауіп-қатер факторлары. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 211-218. doi 10.34689/SH.2022.24.3.024

Авторизируйтесь для отправки комментариев