TYA БІТКЕН КАТАРАКТАНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе: туа біткен катаракта бала кезінен бастап көру қабілетінің бұзылуына негізгі себептерінің бірі болып табылады. Әдебиет бойынша, соқырлық және нашар көрудің себептерінің ішінде туа біткен катаракта 10-нан 19,5%-ға дейін құрайды. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу денсаулық сақтау секторы үшін ресурстарды бөлуді жоспарлауға және туа біткен катаракта салдарынан болатын соқырлықты азайтуға бағыттылған алғашқы қадам болып табылады.
Мақсаты: туа біткен катарактаның эпидемиологиялық сипаттамасын зерттеу, сондай-ақ Алматы қаласының балалар арасындағы туа біткен катаракта ауыршандығы және Қазақстан Республикасында «Катаракта» диагнозымен диспансерлық есепте тұрған 0-17 жасар балаларының саны бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚРМК Алматы қалалық филиалының статистикалық мәліметтерін көрсету.
Іздеу стратегиясы: әдибиеттерді іздеу MEDLINE, PubMed, EMBASE, Web of Science, Google Scholar және e-library электронды базаларында түйінді сөздер (туа біткен катаракта; балалар; таралу; аурушандық) бойынша жүргізілді. Іздеу тереңдігі 25 жыл (1996 жылдан 2021 жылға дейін) құрады. Біздің зерттеуіміздің мақсаттарына келетін 71 ғылыми жарияланымдар анықталды.
Нәтижелері:
1. Туа біткен катарактаның таралуы және аурушандығы әлемде әр түрлі болып табылады.
2. Көптеген эпидемиологиялық зерттеулер бұл патологияның ұлдар арасында жиі кездесетінін анықтайды.
3. Көбінесе туа біткен катарактаның екі жақты түрі, ал клиникалық-морфологиялық түрлерінен диффузды, ядролық және артқы субкапсулдық түрлері жиі кездеседі.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚРМК Алматы қалалық филиалының статистикалық мәліметтері бойынша Алматы қаласының балалар арасындағы туа біткен катаракта ауыршандықтың және Қазақстан Республикасында «Катаракта» диагнозымен диспансерлық есепте тұрған 0-17 жасар балаларының санның тұрақты өсуі байқалады.
Көрген адамдардың саны: 559
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Кабылбекова А.К., Арингазина А.М., Ауезова А.М., Мейрманов С.К. Tyaбіткен катарактаның эпидемиологиялық сипаттамасы. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 219-226. doi 10.34689/SH.2022.24.3.025Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ