БАЛАЛАРДАҒЫ МУКОВИСЦИДОЗ. НЕГІЗГІ КЛИНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
Муковисцидоз немесе кистозды фиброз (сystic firosis) Бұл экзокринді бездердің зақымдалуына және секрециялардың тұтқырлығының жоғарылауына негізделген 7 хромосомада орналасқан муковисцидоздың трансмембраналық реттегіші (MVTR) генінің мутациясына байланысты ауыр тұқым қуалайтын аутосомды-рецессивті ауру. Бұл жиі өкпенің, ұйқы безінің және ішектің, сирек бауыр мен бүйректің зақымдалуына әкеледі. Қазіргі уақытта сипатталған бес мың орфандық аурулардың ішінде муковисцидоз (МВ) ең көп таралған түрі. Әлемде кездесу жиілігі 1:2000-нан 1:100 000-ға дейін. Жыл сайын әлемде муковисцидозы бар 45000-нан астам нәресте дүниеге келеді. . Жүргізілген зерттеуге сәйкес, муковисцидозды диагностикалау мен емдеудегі ауқымды жетістіктердің бар болуына қарамастан, бала өмірінің алғашқы жылдарында осы аурудың негізгі клиникалық белгілері көрініс беріп, байқалса да, 1 жасқа дейінгі балалардың тек 18%-да ғана диагноз уақтылы дер кезінде қойылған. Өкпелік және өт жолдарының асқынуларының қосымша дамуы - муковисцидоздың ауырлық дәрежесін және оның келшектегі қолайсыз нәтижесінің бірден-бір критерийлері болып табылады. Зерттелген науқастарда өкпе ателектазы, бронхоэктаздар, эмфизема, диффузды пневмосклероз анықталды. Бұл мақалада бауыр циррозы және порталдық гипертензиямен асқынған муковисцидозы бар науқастың клиникалық жағдайысипатталған.
Мақалада келтірілген деректер неонатологтар, педиатрлар, гастроэнтерологтар және жалпы тәжірибе дәрігерлері үшін пайдалы болады.
Көрген адамдардың саны: 288
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Кабдоллина Ж..У., Токтабаева Б.Ж., Долинная В.Т., Сағындыкова Г.Ж. Балалардағы муковисцидоз. Негізгі клиникалық аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 231-237. doi 10.34689/SH.2022.24.3.027Ұқсас жариялымдар:
EXTRAPULMONARY TUBERCULOSIS IN A KAZAKH PATIENT WITH MIXED CONNECTIVE TISSUE DISEASE. СLINICAL CASE
THE EFFECT OF STEROID THERAPY ON BONE TISSUE IN RHEUMATIC DISEASES (DESCRIPTION OF A CLINICAL CASE)
A CLINICAL CASE OF ECHINOCOCCOSIS OF THE SPINE
DRUG-INDUCED LIVER DAMAGE. CLINICAL CASE
КЛИНИЧЕСКОЕ НАБЛЮДЕНИЕ БОЛЕЗНИ БЕХЧЕТА У ЖЕНЩИНЫ 36 ЛЕТ