ЖЕЛШЕШЕК ЭНЦЕФАЛИТІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Желшешек-бұл барлық жерде балалар ауыратын жоғары контагиозды жұқпалы ауру. Науқастардың жартысын 5 пен 9 жас аралығындағы балалар құрайды, аурудың басқа екі шыңы 1 жастан 4 жасқа дейін және 10-14 жас аралығында болады.
Желшешек әдетте жеңіл өтетініне қарамастан, пациенттердің 0,1-0,2% - ында ОЖЖ асқынулары дамиды. Жүйке жүйесінің зақымдануы әртүрлі локализация болуы мүмкін-энцефалит, энцефалитикалық реакциялар, полирадикулоневрит, серозды менингит. Балаларда желшешек кезінде ОЖЖ тән зақымдануы энцефалит болып табылады, ол осы ауру кезінде жиілігі 0,06-дан 0,1% - ға дейін және одан да жиі кездеседі, пайда болу мерзімі, клиникалық және морфологиялық өзгерістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін екі клиникалық нысанда жүруі мүмкін: желшешек энцефалитінің мишықты және церебральді түрі [3,5,6]. Көбінесе энцефалиттің мишықтық формасы тән және ол клиникада болжамы қолайлы аяқталатын атаксия синдромымен жүреді. Практикада клиникалық жағдай көрсеткендей соңғы жылдары желшешектің энцефалит түріндегі асқынуылар болғанын жоққа шығармайды.
Қазіргі жағдайда желшешектің алдын – алу және емдеудің тиімді мүмкіндіктеріне қарамастан, ересектер мен балаларда сырқаттың ауыр ағымына алып келетін аурудың асқынған түрі- желшешектік энцефалитті емдеу өзекті мәселе болып қала береді. [1,2,9]
Клиникалық жағдай мысалында желшешек энцефалитінің клиникалық көріністерімен, зертханалық көрсеткіштердің өзгерістерімен таныстыру бір пациенттің медициналық картасы негізінде сипатталған. Желшешектік энцефалит диагнозы клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық мәліметтер негізінде қойылды.
Көрген адамдардың саны: 222
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Эфендиев И.М., Мансурова А.А., Саменова Н.Е. Желшешек энцефалитінің клиникалық жағдайы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 3 (Т.24). Б. 243-247. doi 10.34689/SH.2022.24.3.029Ұқсас жариялымдар:
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ АУРУХАНАДАН ТЫС ПНЕВМОНИЯ. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ.
SINOVAC-CORONAVAC (ҚЫТАЙ) ПРЕПАРАТЫМЕН COVID-19 ВАКЦИНАЦИЯСЫНАН КЕЙІНГІ АУТОИММУНДЫ АСҚЫНУЛАР ЖАҒДАЙЫ
БАЛАЛАРДА АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫНЫҢ ЭОЗИНОФИЛЬДЫ ЗАҚЫМДАНУЫ. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ.
БАЛАЛАРДА ӨКПЕ ҚУЫСЫН ДРЕНАЖДАУ ҮШІН ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
УСТЕКИНУМАБ: ПСОРИАЗДЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ГЕНДІК - ИНЖЕНЕРЛІК БИОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТ-КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ