ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ РЕЗИДЕНТТЕРІ МЕН СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӘСІБИЛІГІН ТАЛДАУ
Кіріспе. Кәсіби шеберлік – университет студенттерінің барлығы оқу барысында қол жеткізуі тиіс негізгі құзырет. Клиникалық білімдер мен коммуникативті дағдылар және этиканы жақсы түсіну - кәсібиліктің негізін құрайды. Пациенттер, медициналық қоғамдар мен аккредиттеу ұйымдары болашақ мамандардан өз саласының кәсіби маманы болуын күтеді. Сонымен қатар, медициналық кәсібилік жақсы клиникалық нәтижелермен байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында медициналық кәсібилікті талдайтын зерттеулер жоқ.
Зерттеудің мақсаты. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері мен отбасылық медицина резиденттерінің медициналық кәсібилік туралы түсінігін анықтау.
Әдістер. Мазмұнды-талдау әдістемесіне негізделген сапалы зерттеу әдісі қолданылды. Медициналық кәсібилік саласындағы қатысушылардың пікірлері мен тәжірибелерін жинақтау мақсатында отбасылық медицина кафедрасының 30 студенттері мен 24 резиденттері фокус-топтық пікірталасқа қатысты. Алынған ақпарат MAXQDA-2020 бағдарламалық пакетінің көмегімен өңделді. Зерттеуге респонденттер жасы, жынысы және білім деңгейі бойынша таңдалды.
Нәтижелер. Респонденттер сауалнама нәтижесінде медициналық кәсібиліктің негізгі тіректерін растады, олар: медициналық біліктілік пен дағдылар (жауаптардың 40%), дәрігердің жеке және моральдық қасиеттер (жауаптардың 25%), пациенттің мүдделерін құрметтеу (жауаптардың 15%), дәрігер мен пациенттің және мамандар арасындағы қарым-қатынас (жауаптардың 15%). Сауалнаманың тағы бір маңызды қорытындысы, студенттердің кәсібилік негізінде дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынасты «пациенттің мүддесін құрметтеу» үлгісінде анықтау мүмкіндігі, отбасылық медицина резиденттеріне қарағанда 5 есе жоғары атап кетті. Сонымен қатар, резиденттер кәсібилік негізінде бірінші кезекте дәрігерлердің жауапкершілігі мен алқалылығын атап өтті. Олар медицина мамандарының кәсібилігің дамыту жолында дәрігер мен пациенттің қарым-қатынасын пациенттерді жоғары дәрежесімен бақылау, патернализмге негізделген қарым-қатынас ретінде қарастырды. Бұл айтарлықтай айырмашылық отбасылық медицина саласындағы мамандардың бөлінуін көрсетеді, бұл көптеген мәселелерді тудырады. Мысалы, қазіргі уақытта кәсіби отбасылық дәрігерлер жұмыстан кетуге мәжбүрлейтін көптеген себептер мен факторларға байланысты эмоционалдық күйзеліс проблемасымен үнемі бетпе-бет келеді. Сонымен қатар, рефлексиялық дағдылар, уақытты басқару және кері байланыс жинау сияқты кәсіби элементтері екі топта да ең аз дәрежеде (1%-дан аз) аталынған, бұл Батыс медициналық мектебінің қабылдауынан ерекшеленеді және маңызды мәселе болып табылады.
Тұжырымдар. Біздің зерттеуіміздің сапалық сипаты Орталық Азияның денсаулық сақтау жүйесі контекстіндегі медициналық кәсібилікті егжей-тегжейлі түсінуге мүмкіндік береді. Медициналық жоғары оқу орындарының отбасылық дәрігерлердің медициналық білім берудің барлық кезеңдеріндегі кәсібилігі Батыстық аналогтарынан төмен көптеген аспектілерді ашады және медицинаны дамытуға қажетті қасиеттер мен дағдыларды үйрету шешімін ұсынады.
Көрген адамдардың саны: 211
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Абенова Н.А., Каримсакова Б.К., Сейпенова А.Н., Сахипова Г.Ж., Жамалиева Л.М., Кошмаганбетова Г.К. Қазақстандағы отбасы медицинасының резиденттері мен студенттері арасындағы медициналық кәсібилігін талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 61-69. doi10.34689/SH.2022.24.4.008Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ