Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Өзектілігі: жасөспірімдер биологиялық, анатомиялық-физиологиялық, психоэмоционалды және әлеуметтік факторларға байланысты туберкулез ауруы бойынша халықтың ең осал топтарының бірі болып табылады. Аймақтағы жасөспірімдер туберкулезі бойынша эпидемиологиялық қолайсыздықтың қазіргі жағдайлары осы зерттеуді жүргізуге негіз болды. Зерттеудің мақсаты: соңғы онжылдықта Семей өңірінің жасөспірімдеріндегі туберкулез құрылымына салыстырмалы талдау жүргізу. Материалдар мен әдістер: ШҚО ДСБ «Аймақтық фтизиопульмонология және оңалту орталығы» ШЖҚ КМК «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» медициналық ақпараттық жүйесінің деректеріне ретроспективті талдау жүргізілді. Дизайн – көлденеңзерттеу. Қосу критерийлері: 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, өкпе туберкулезі. Алыптастау критерийлері: 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар, 18 және одан жоғары жастағы ересектер, өкпеден тыс туберкулез. Жаппай іріктеу әдісімен зерттеуге барлығы 187 жасөспірім енгізілді: бірінші топ - 138 (туберкулез 2011-2015 жж. анықталды), екінші топ - 49 (туберкулез 2016-2020 жж. анықталды). Статистикалық талдау StatTechv2.5.9 (әзірлеуші - "Статтех" ЖШҚ, Ресей) бағдарламасын қолдану арқылы жүргізілді. Нәтижелері: Соңғы онжылдықта жасөспірімдер арасында туберкулезбен сырқаттанушылық динамикасы төмендеу үрдісін көрсетіп отыр. Екінші топтағы жасөспірімдердің туберкулез құрылымында бірінші топпен салыстырғанда әйел адамдар басым болды (65,3% қарағанда 42,8%; p=0,007), қала тұрғындары (68,8% қарағанда 85,7%; p=0,022), студенттер (20,3% қарағанда 36,7%; p=0,038). Аурудың деструктивті (22,5% және 36,7%) және дәріге төзімді (35,5% және 36,7%) түрлерінің үлесі статистикалық маңызды айырмашылықтарға ие болмады (сәйкесінше p=0,051 және р=0,878). Xpert MTB/RIF молекулярлық-генетикалық әдісіненгізу жасөспірімдерде туберкулезді зертханалық растауды 14,5%-дан 61,2%-ға дейін (p=0,001) 4 есеге арттырды. Талданған топтардағы емдеу нәтижелері жоғары тиімділікті көрсетті және тиісінше 96,4% және 96,0% құрады (p=0,529). Қорытындылар: Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсарту үшін ДДҰ-ның соңғы ұсынымдарын және Қазақстан Республикасындағы туберкулезбен күрес жөніндегі нормативтік құжаттарды ескере отырып, жасөспірімдер арасында туберкулезді анықтау, алдыналу және емдеу жөніндегі шараларды сапалы іске асыру қажет.
Көрген адамдардың саны: 201

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Айдарбек А-Б.Е., Ерлан А.Е., Рахимова И.Р., Чункаева Д.Д. Жасөспірімдердегі туберкулездің эпидемиологиялық аспектілері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4(Т.24). Б. 70-78. doi 10.34689/SH.2022.24.4.009

Авторизируйтесь для отправки комментариев