Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТУБЕРКУЛЕЗ РЕЦИДИВІ КЕЗІНДЕ IFN-γ МЕН IL-2 АНТИГЕН-СПЕЦИФИКАЛЫҚ ӨНДІРІЛУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кіріспе. Туберкулездік жұқпа микобактерия мен ағзаның резистенттілік факторлары арасындағы күрделі өзара байланыс болып табылады. Туберкулездің қайталама ағымы барысындағы иммунды жауап қайтарудың ерекшеліктері жеткілікті зерттелмеген. Бұл мақалада біріншілік туберкулез бен аурудың қайталануы кезінде интерферона-γ мен интерлейкин-2-нің антиген-спецификалық өнімінің ерекшеліктері талданады. Мақсаты: біріншілік ТБ мен оның қайталануы кезінде интерферона-γ мен интерлейкин-2-нің ESAT-6, SFP-10 мен TB7.7 антигендеріне қарсы антиген-спецификалық өндірілу ерекшелігін бағалау. Материалдар мен әдістер: Туберкулезбен науқастардың 208 қан үлгісі талданды. Туберкулез диагнозы молекулалық-генетикалық (GeneXpert/Hain-test) немесе бактериологиялық (BACTEC) әдістермен расталды. Біріншілік туберкулезбен науқастар саны 125 (60,1%), ал аурудың қайалануымен науқастар саны 83 (39,9%) болды. Цитокиндердің антиген-спецификалық өндірілуін талдау M. tuberculosis антигендерімен ынталандырудан соң цитокиндердің синтезіне негізделген стандартты тест-платформалар көмегімен жүргізілді. Алынған нәтижелерді салыстыру үшін параметрлік емес стандартты статиска әдістері (Манна-Уитни критерийі, медиана мен квартильаралық ауқым) қолданылды. Нәтижелер. IFN-γ мен IL-2-нің антиген-спецификалық өндірілуін салыстырмалы талдау IFN-γ деңгейі туберкулездің қайталануы кезінде біріншілік туберкулезбен салыстырғанда жоғары (22±0,45 ХБ/мл қарсы 0,09±0,21 ХБ/мл сәйкесінше, р - 0,004) екенін көрсетті. Ал антиген-спецификалық IL-2 деңгейі бойынша біріншілік туберкулез бен оның қайталануы арасында айырмашылық анықталған жоқ. Бұл ретте концентрацияның үлестірілуін талдау антиген-спецификалық IFN-γ деңгейі ТБ бірінші рет анықталған науқастарда (медиана ± SE = 0,03 ± 0,019 ХБ/мл, диапазон 0,10–1,81 ХБ/мл) ТБ қайталануы барысындағы деңгейімен (медиана ± SE = 0,07 ± 0,049 ХБ/мл, диапазон - 0,36-3,17 ХБ/мл. р=0,004) салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін көрсетті. Қорытынды. Антиген-спецификалық IFN-γ мен IL-2 біріншілік туберкулезбен оның қайталануы кезінде әр түрлі қарқындылықпен өндіріледі. Біріншілік туберкулез кезінде IFN-γ өнім деңгейі IL-2 деңгейімен салыстырғанда төмен болып табылады. Бұл ретте аурудың қайталануы кезінде біріншілік ТБ-мен салыстырғанда IFN-γ деңгейі әлдеқайда жоғарылайды және екі цитокин де бірдей қарқындылықпен өндіріледі.
Көрген адамдардың саны: 233

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Тарабаева А.С., Битанова Э.Ж., Абильбаева А.А, Абубакиров А.Я. Туберкулез рецидиві кезінде IFN-γ мен IL-2-нің антиген-спецификалық өндірілуінің ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 79-85. doi 10.34689/SH.2022.24.4.010

Авторизируйтесь для отправки комментариев